Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда мал иелеріне жаңа айыппұл салынатыны айтылып, ескерту жасалды

0 359

«ҚазАвтоЖол» ҰК» басқармасы төрағасының орынбасары Серік Айдос брифингте малын қараусыз жіберетін тұрғындарға салынатын айыппұл мөлшерін 100 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Полициямен бірге жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, елді мекен тұрғындарымен жиі кездесу өткізіп, автомобиль жолының бойына мал жаймау керектігін түсіндіреміз. Хаттама жасалып, жадынама таратылады», – деді ол.

Оның айтуынша, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексте жол бойында жайылып жүрген мал иелеріне жауапкершілік қарастырылған.

Яғни, мал иесіне 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал егер мал кесірінен жол-көлік апаты болған жағдайда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

«Елімізде малдың жол бойына шығып кетуі салдарынан болатын жол апаты жиілеп кеткен. Орын алған жағдайды ескере отырып, үй жануарларына дұрыс қарамағаны үшін салынатын айыппұлды 100 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту ұсынылады», – деді Серік Айдос.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.