Қалалық қоғамдық-саяси газет

Денсаулық сақтау басқармасының есебі тыңдалды

0 839

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы білім мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Басқосуда денсаулық сақтау саласы бойынша Жол картасындағы көрсеткіштердің орындалу барысы туралы мәселелер қаралды. Жасыратыны жоқ, денсаулық саласынан аталмыш кеңес мүшелері бірқатар кемшіліктерді анықтады.

Ол бойынша облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов баяндама жасап, кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

Жалпы, өңірде өлім-жітім өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген. Сол секілді, нәресте өлімі де азайған. Мұны мемлекеттік қолдаудың аталған салаға деген шарапаты деп ұғынсақ та болады.

Кеңес отырысында ауылды елді-мекендерде жаңадан бой көтеріп жатқан медициналық амбулаториялардың сапасы да сөз болды. Расында, ел игілігі үшін салынған медициналық мекемелер араға көп уақыт салмай сапасын жоғалтып жатады. Сондай-ақ бірнеше жыл бұрын өңірден ашылған Асфендиров атындағы университет филиалының жұмысы да күн тәртібіне шығарылды. Яғни, қыруар қаржы бөлінген филиалдың жұмысы кім-кімді де ойландырмай қоймайды. Дегенмен ол туралы басқарма өкілі ол жақта мамандардың білімдерін жетілдіріп, тәжірибеден өтіп жатыр екен. Сонымен қатар филиал жұмысы кезең-кезеңімен жолға қойылыпты.

Бұдан өзге кеңесте денсаулық саласы бойынша түсетін арыз-шағымдардың жай-күйі, жедел-жәрдем қызметінің бүгінгі жүйесіне көпшіліктің көңілі толмайтындығы айтылды. Осы орайда тілге тиек ете кетерлік жайт, партияға шағымданушылардың арасында жедел-жәрдем қызметі туралы жеткізетіндердің қарасы қалың. Ол бойынша денсаулық сақтау басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр екен.

Кеңес отырысың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар партияның Орталық аппаратына жолданатын болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.