Қалалық қоғамдық-саяси газет

42 жастағы тұрғын жанып жатқан көліктен төрт адамды алып шықты (ВИДЕО)

0 161

Павлодар облысында ер адам жанып жатқан көліктен төрт адамды құтқарды, содан кейін жеңіл көлік жарылған деп хабарлады turkystan.kz.

Маралды ауылының 42 жастағы тұрғыны Еркебұлан Жүзбаев жарылыс қаупіне қарамастан, өрт тұтанған көлікке қарай барған. Оқиға 26 тамызда Павлодар – Шарбақты тас жолында Маралды кентінің маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, жеңіл көлік КамАЗ тіркемесімен соқтығысты. Еркебұлан Жүзбаевтың ерлігі туралы куәгерлер Instagram-да жазды.

Кадрда отқа оранған көлік көрінеді. Одан бірнеше метр жерде адамдар жатыр. Жедел жәрдем дәрігерлері зардап шеккендерге көмектесіп жатқанын келесі кадрдан көруге болады.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.