Қалалық қоғамдық-саяси газет

Желіде Өскемен қаласының әкімін қолдауға шақыратын аудиожазба талқыланып жатыр

0 1  563

Желіде Өскемен қаласының әкімін қалай қолдау керегі туралы ұсыныс беріп жатқан ер адамның дауысы бар аудиожазба қызу талқыланып жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазба Egov.press Telegram-арнасында жарияланды.

«Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарды мадақтайтын және оқырмандарын үйлестіретін» парақша ашылды», – делінген жазба сипаттамасында.

«Әріптестер, осы парақшаға назар аударыңыз. Мұнда Евгений Алексеевич «Жақсылық Мұқашұлын қолдау үшін паблик ашылды, мен оны қолдағым келеді, оның қабылдауында болдым, осы учаскені сұрадым, олар менімен сөйлесті, әкімдік пен әкімге рақмет» деген», – дейді ер адамның дауысы.

Ер адам әріптестерінен осы мәселелерді пысықтап, нәтижелерін чатқа жіберуді сұрайды.

Бұдан әрі кешкі Арбат, «Самал» саябағы, 19-шағынаудандағы саябақтар, яғни қала әкімінің басшылығы кезінде салынған нысандарға қатысты ұсыныстар айтылады.

Бұл Өскемен қаласы әкімдігінің аумақтық басқарма орталығының басшысы Рустам Шайырғазин даусы екені белгілі болды.

«Қала әкімін қолдау үшін парақша пайда болған кезде, мен таңғалғанымды мойындаймын, өзім ұйымдастырушыларға хабарласып, біздің аумақтық басқару орталығының жұмысын көрсетуді ұсындым. Мен халықпен тығыз байланыста жұмыс істеймін, аулаларымызда, үйлерімізде қанша жұмыс жүргізіліп жатқанын көремін, бірақ көбі мұны білмейді. Менің ұсынысым қабылданды, кейін өз қызметкерлеріме өз жұмыстарын көрсетуді тапсырдым», – деді Рустам Шайырғазин.

Оның айтуынша, бұл қала әкімінің имиджін көтеруге, сондай-ақ, әкімді және оның жұмысын мадақтауға бағытталмаған.

«Көп қызметкеріміздің жасы үлкен, олар әлеуметтік желіні, видеоға түсіруд пайдалануды онша білмейді. Мен оларға мұны қалай пайдалану керегін айттым. Біздің басты мақсатымыз – қалалықтарды қала өміріне, атап айтқанда, өздерінің шағын аудандары мен аулаларын өмірге тарту. тұрғындарды қоғамдық жұмыстарға тарту. Адамдар бастамаларымызға үн қоса бастады дегім келеді. Мысалы, сенбілікке ешқашан шықпаған жерде тұрғындар сенбілікке шықты», – деді Шайырғазин.

Өскемен қаласының әкімі қолдау ретінде ашылған gorodzaakima парақшасында кейінгі жазбалардың бірі Рустам Шайырғазин ұсыныстары бойынша жарияланған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.