Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақ халатты абзал жандар аламаны

0 270

Жуырда Спорт күніне орай медицина қызметкерлері арасында облыстық спартакиада өтті.

Екі күнге жалғасқан жарысқа 14 команда, 328 адам қатысты. Тартысқа толы болған бәсекенің нәтижесінде командалық есепте Меркі ауданы 1-орынды, «Қайсар» командасы 2-орын, Жуалы ауданы 3-орынды иеленді. Жекелеген спорт түрлеріне келсек, волейбол бойынша меркіліктер 1, қордайлықтар 2, жуалылықтар 3-орынды олжалады. Үстел теннисі бойынша ерлер арасында Байзақ ауданының қатысушысы Бауыржан Болтыбаев 1, меркілік Ильяс Мукаш 2, Талас ауданының үміткері Ернұр Байболов 3-орынды қанжығасына байлады. Ал әйелдер арасында 1-орынды Жамбыл ауданынан Күлайхан Имашева, 2-орынды «Бірлік» командасының қатысушысы Ақмарал Кадирбаева, 3-орынды Меркі ауданынан Динара Дентаева еншіледі.
Ерлер арасында еркін жүзуден 1-орынды «Бірлік» командасының қатысушысы Фархаджон Каримов, 2-орынды Мойынқұм ауданынан Елжан Мунтбек, 3-орынды Сарысу ауданынан Ержасар Каненов жеңіп алды. Арқамен жүзуден 1-орынды Сарысу ауданынан Жарас Құдайберген 2-орынды «Бірлік» командасының қатысушысы Рахат Жолдыбай, 3-орынды Рашит Суиндиков місе тұтты. Брасс әдісімен жүзуден 1-орынды «Бәйтерек» командасынан Саят Жумабаев, 2-орынды «Бірлік» командасынан Георгий Папапетриди алса, «Достық» командасынан Нұрбек Түлепберген 3-орынға тұрақтады.
Жүзу сайысында жалпыкомандалық есепте ерлер арасында 1-орынды «Бірлік», 2-орынды «Қайсар», 3-орынды «Бәйтерек» командасы иеленді.
Бильярдтан өткен бәсекеде «Бірлік» командасынан Талғат Көпелбек топ жарса, таластық Азимхан Курбанходжаев 2-орынды иемденді. Ал сарысулық Бағлан Қыдырбаев үздік үштікті түйіндеді. Командалық ойында меркіліктер шашасына шаң жұқтырмаса, «Бірлік» командасы 2, «Қайсар» командасы тұғыр биігінің үшінші сатысынан көрінді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді облыстық денсаулық сақтау және спорт басқармасының басшылары Әсет Қалиев пен Нұрбол Жүнісбеков марапаттады.

Лаура Абайқызы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.