Қалалық қоғамдық-саяси газет

Талдықорғанда пәтерден ер адамның мәйіті табылды

0 466

24 тамыз күні кешкі уақытта қаладағы пәтерлердің бірінен 36 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Экспресс К Жетісу облыстық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көп ұзамай полиция аталған іске қатысты күдікті ретінде 50 жастағы әйелді ұстады. Күдіктінің бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Анықталғандай, сотталушы мен жәбірленуші бірге ішімдік ішкен. Отырыстың соңы кісі өлімімен аяқталды. Күдікті марқұмды ас үй пышағымен пышақтап өлтірген.

Күдікті деп танылған әйел қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚК-тің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде,

— деп мәлімдеді Жетісу облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.