Қалалық қоғамдық-саяси газет

Блогер Қазақстан мен Ресейге Toyota Prado құрастырудағы айырмашылықтарды көрсетті

0 170

Автоблогер әрі «Клубный сервис» YouTube-арнасының шолушысы Илья Свиридов Қазақстан мен Ресей үшін Toyota Land Cruiser Prado көлігін құрастырудағы айырмашылықтарды көрсетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блогер қазақстандық жаңа Toyota Land Cruiser Prado 150 көлігіне шолу жасаған. Көлемі 2,7 литр болатын көлік былғары салон және линзалы оптикамен жабдықталған. Автомобиль параллель импорт схемасы бойынша жеткізілсе, мұндай көлікті сатып алғысы келетіндер дилерлік ұсыныстар бойынша үш миллион рубль (23 миллион теңге – шамамен) үнемдей алатыны айтылды.

Қазақстаннан келген осы Toyota Land Cruiser Prado барлық құжатты ресімдегеннен кейін сатып алушыға 5,6 миллион рубльге (43 миллион теңге – еск.) түскен. Алайда видео шолу біздің еліміз үшін жол талғамайтын көліктер басқаша жинақталғанын көрсетті. Автокөліктерде сымдар, шудан оқшаулау, ауа баптау және жылыту жүйелері ерекшеленеді.

Сондай-ақ, Қазақстанға арналған Toyota тот басуға қарсы өңдеуден өтпеген. Бұдан басқа, қазақстандық жол талғамайтын көліктердің еденде, арка және есіктерінде виброизоля жоқ. Алайда, автордың айтуынша, басты айырмашылық, салонның орталық бөлігінде ауа өткізгіштің болмауы. Сондықтан ауа ағыны, ешқайда кетпейді.

Басқа жағдайда Қазақстан мен Ресей үшін жабдықталған Toyota Land Cruiser Prado бірдей, дейді автор.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.