Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қос күміс, қос қола: қазақстандық оқушылар тағы да топ жарды

0 364

Индонезияда өткен информатикадан халықаралық олимпиадада (IOI) қазақстандық оқушылар 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz.

Министр Асхат Аймағамбетов өзінің телеграм каналында бұл қуанышты жаңалықты жазып, оқушыларды жеңісімен құттықтады.

Бұл беделді олимпиадаға біздің 4 оқушы қатысты. 90-ға жуық елден келген 350-ден астам қатысушының басын қосқан жарыста 4 оқушымыз да жүлделі орындарға ие болды.

Оралдық Жамбыл Мақсотов пен семейлік Мұхаммадариф Сахмолдин күміс, ал алматылық Ван Ли мен Таймас Қорғанбаев қола жүлдені иеленді.

Осылайша, қазақстандық оқушылардың 2022 жылы ең беделді халықаралық олимпиадаларда жеңіп алған медальдарының саны рекордтық көрсеткішке жетті. Қазақстан құрамасының қоржынында 27 медаль бар, оның ішінде 3 алтын, 15 күміс және 9 қола.

Биыл алғаш рет Президенттің қолдауының арқасында халықаралық жарыстардың жеңімпаздары 4,5 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйақы мен ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-да оқуға грантқа ие болады.

Оқушыларымызды жаңа жоғары нәтижелерімен және лайықты марапаттарымен құттықтаймын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.