Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тіл – мемлекеттің тірегі

0 145

Тіл – кез келген мемлекеттің жаны, тірегі. Сондықтан оған тек қатынас құралы ретінде ғана қарауға болмайды. Кеңестік кезеңде мемлекеттік тіліміз тоқырауды басынан өткеріп, өгейдің күйін кешкені тарихтан мәлім. Алайда тәуелсіздік таңы атқан соң тіліміздің тынысы кеңейіп, биік мінберге көтерілді. Ата Заңымыздың 7-бабында «ҚР мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп анық көрсетілді. Бүгінде облысымызда тіл саясатын жүзеге асыру бағытында басқарма тарапынан да жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Былтыр жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі бойынша облысымызда мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі – 92 пайыз, еркін сөйлейтін, оқитын және жазатындар 71 пайызды құрады. Сондай-ақ ағымдағы жылдың І жартыжылдығында үш тіл бойынша барлығы 2541 тыңдаушы тегін оқу курстарына қамтылып, мемлекеттік тіл курстарына 1802 тыңдаушы қатысты. Бұған қоса облыс бойынша 122 адам орыс тілі курсына тартылып, 617 адам ағылшын тілін үйрету курстарынан өтті. Ал неміс және кәріс тілдерін этномәдени бірлестіктер жанындағы оқыту курстарында 501 адам тәлім алуда. Ана тілін оқу курсы бойынша 34 этномәдени бірлестік жетекшілеріне этнос тілдерін оқытуға әдістемелік көмектер көрсетілді.
Облыстық және жергілікті атқарушы органдардың кіріс-шығыс құжаттарына мониторинг тұрақты жүргізіледі. Биыл қазақ тіліндегі шығыс құжаттарының үлес салмағы 98,9 пайызды құрап отыр.
Қазіргі таңда балабақша тәрбиеленушілерінің 85 пайызы мемлекеттік тілде білім алуда. Ал соңғы 5 жылда мемлекеттік тілде білім алатын оқушылар саны 74,5-тен 77 пайызға өссе, оның ішінде өзге ұлт өкілдері оқушыларының саны 5488-ден 7092-ге артты. Сонымен қатар өңірде шағын және орта бизнес объектілерінде, сауда орындарында және халыққа жаппай қызмет көрсететін мекемелерде тіл туралы заңның талаптарын түсіндіру мақсатында барлығы 86 кездесу өткізілді. Онда мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығы, қазақ тілін үйренудің мүмкіндіктері түсіндіріліп, базалық сөздіктер таратылды. Қысқа мерзімді «Тілашар» оқу курстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ 8 жеке нотариусқа барып, онда ноториаттық іс-әрекеттерді жасау кезінде қазақ тілін қолдану міндетті және басымдылық барынша мемлекеттік тілге берілуі тиіс екендігі кеңінен түсіндірілді. Облыс аумағындағы көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың тіл туралы заңнама талаптарына сай рәсімделіп, орналасуы бойынша түсіндіру-насихаттау жұмыстары да тұрақты жүргізілуде.
Тағы бір айта кетерлігі, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, ақпан айында «Көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнамаға сауаттылық!» атты айлық өтті. Шара барысында 6099 көрнекі ақпарат қамтылды. 670 кемшілік анықталып, 47 көрнекілік түзетілді, қалған 623-ін түзетуге мерзім берілді. Тіл нормаларына сәйкес келмейтін көрнекі ақпараттарды ауыстыру және оларды дұрыс рәсімдеу бойынша нысан иелеріне тегін әдістемелік көмектер көрсетілді. Сондай-ақ басқарма тарапынан «Таза қалаға – таза жарнама» акциясы ұйымдас- тырылды. Акция аясында 3 шағын аудан, 131 нысан, 10 көше, 743 көрнекі ақпараттар мен жарнамалар зерделенді. Сонымен қатар басқарма тарапынан аптасына бір рет Тараз қаласында орналасқан ірі кәсіпорындар мен көшелердегі көрнекі ақпараттарға рейдтік жұмыстар жасалуда. Тиісінше көрнекі ақпарат пен жарнама мәселесіне арналған облыстық семинар-кеңес ұйымдастырылып, кәсіпкерлер мен жарнама агенттіктеріне әдістемелік көмектер көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, сапасын арттыру бағытындағы шараларға «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының өкілдері тартылып, Байзақ, Жамбыл, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу, Қордай аудандары мен Тараз қаласында тұрғындармен кездесулер өткізілді. Нәтижесінде 7 филиал, 35 бастауыш ұйым ашылғанын айта кету керек.
Өңірде ономас- тика саласында біріздендіру жұмысы жалғасуда. Айталық, бүгінде 5718 физикалық-географиялық бірлік және оның құрамдас бөліктері орналасқан. Жүргізілген мониторингтің нәтижесінде 5344 көше атауларының 739-ы жер-су атымен, 1190-ы дәстүрлі атаулар және 3415-і кісі есімімен аталатыны анықталды. Кісі есімімен аталатын көшелердің 1269-ы республикалық ономастикалық комиссия ұсынған «Тарихи тұлғалар» тізіміне сәйкес келеді. Ал әкімшілік-аумақтық бірліктер мен құрамдас бөліктердің 11,4 пайызы өзгертуді қажет етеді. Мағынасы жағынан ескірген 9 елді мекен және 563 көше, 60 атауы жоқ жаңа көшелер, атауы қайталанатын 20 көше бар.
Биыл 44 білім беру және мәдениет нысандарына атау берілді және қайта аталды. Мәселен, Тараз қаласының 37 көшесіне атау беріліп, қайта аталса, облыстағы 5 елді мекен атауының транскрипциясы нақтыланды. Облыс орталығының 81 көшесінің құжаттары ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылды. Сонымен қатар ономастикалық комиссияда Байзақ ауданының – 23, Қордай ауданының – 1, Шу ауданының 46 көшесіне атау беру, қайта атау және Шу ауданының 1 елді мекені атауының транскрипциясын нақтылау туралы ұсыныстары оң қорытынды алып, жұмыстар заң талаптарына сәйкес жүргізілуде.
Тіл саясатын тиімді іске асыру қашанда өзекті. Бұған мемлекетіміз де айрықша назар аударуда. Сол себепті бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар жалғасын таба береді.

Медет Атен,
облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.