Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядан еңбек демалысынан оралды

0 527

Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Тұңғыш президенттің Түркиядан еңбек демалысынан келгенін мәлімдеді. Сөзінше, ол ешқандай шетелдік ресми тұлғалармен кездеспеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Назарбаевтың кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібай оның Түркияда жақын туыстарымен бірге болғанын айтты.

«Нұрсұлтан Назарбаев демалысын Түркияда, туған-туыстары мен жақындарының жанында өткізіп, елге оралды. Аноним ақпарат көздерінің әртүрлі алып-қашпа әңгімелеріне қарамастан Тұңғыш Президент ешқандай шетелдік ресми тұлғалармен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізген жоқ», – деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.