Қалалық қоғамдық-саяси газет

Найзағай бір күнде 20 адамның өмірін қиды

0 411

Үндістанның Бихар штатында аптап ыстықтан кейін болған найзағай 20 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Штаттың бас министрі Нитиш Кумар аймақтағы адамдарды қауіпсіздікте болуға және үкіметтің ұсыныстарын орындауға шақырды. Сондай-ақ ол қаза тапқандардың отбасыларына 400 мың рупий (2,3 миллион теңгеден астам) көлемінде өтемақы төленетінін хабарлады.

Кумар сонымен қатар шенеуніктерге электр разрядтарын жерге бағыттайтын және олардың басқа нәрсеге құлап кетуіне жол бермейтін құрылғыларды орнатуды тапсырды.

Басылымның мәліметінше, жыл сайын мыңдаған үндістер найзағайдың құрбанына айналады. 2019 жылы найзағайдан 3000-ға жуық адам қайтыс болса, 2021 жылы Үндістанның Уттар-Прадеш, Мадхья-Прадеш және Раджастхан штаттарында бір күнде найзағай 70 адамның өмірін қиған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.