Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Бір күндік жеңісті емес, болашақты ойлау керек»: Сарапшы қазақ спортшылардың жеңіске жетуі үшін қандай жағдай жасау керегін айтты

0 455

Спорт сарапшысы Бек Төлеуов қыруар қаржы жұмсап, шетелден легионер шақыруға қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, қазіргі кезде легионерлер өздеріне жұмсалған қаржыны тек спорттағы нәтижесі арқылы ақтап жатыр.Соныме қатар ол шетелдік спортшыларды тартуды доғару керек екенін де қосып өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Меніңше, федерацияның, башылықтың, шенеуніктердің белгілі мақсаты болу керек. Себебі бір күндік жеңісті ғана емес, болашақты да ойлаған жөн. Кениялық спортшылардан кейін қазақ балалар, жергілікті спортшылар жарысқа барса, олардың дайындықтарын көріп, бірге жаттықса, мүлдем бөлек. Олардың қаншалықты пайдасы барын уақыт көрсетеді. Қазір олар салған ақшаны спорттағы жетістігі арқылы ақтап жатыр деп ойлаймын. Негізі бір реттік жеңіс үшін сырттан легионер шақыруды доғару керек», – деп мәлімдеді Бек Төлеуов.

Сарапшы қазір басшылардың үлкен додаларда жеңіске жетудің ең оңай жолын таңдап алғанын мәлімдеді.

«Қазір легионерлер туралы сөз қозғасақ, бірден нәтиженің бар екенін айтады. Алайда ешқандай жақсы нәтиже көрсетпей жүргендері де жетерлік. Кешегі теннистегі Елена Рыбакинаның жеңісі, жеңіл атлет Нора өздеріне салынған қаржыны ақтаған спортшылар деуге болады. Ал ешқандай нәтижеге қол жеткізбегендерін санамаласақ, олардың саны өте көп», – деп қосты ол.

Бек Төлеуовтің айтуынша, қазақ спортшылардың байрақты бәйгелерде топ жаруы үшін инфрақұрылымды жақсарту керек екен.

«Сонымен қатар бапкерлерді шақырып, насихат жұмыстарын дұрыс жүргізген абзал. Себебі кей спорт түрлерін білмейтіндер бар. Қазір елде 19 миллион адам болса, соның 18 миллион 900 мыңы ғана балға лақтырып, Олимпиада чемпионы атануға болмайтынын білмейді. Өйткені насихат жоқ», – деп түйіндеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.