Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарағанды супермаркетінде қантқа таласқан тұрғындар жаға жыртысты (видео)

0 316

Қарағандыдағы супермаркеттердің бірінде тұрғындар қантқа таласып қалған. Мұны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Қазір бұл кадрлар желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Сөреге қойылған қантты тұрғындар бірнеше секундтың ішінде алып кеткен. Тартыс кезінде сөрегедегі өзге тауарлар да зақымдалды.

Өткен аптада Қарағындыдағы басқа супермаркеттегі талас кезінде полиция шақыруға тура келген. Бұл кезде сатып алушылар белгіленген нормадан көбірек алып кетуге тырысқан. Тәртіпсіздікті тоқтату үшін сатушылар полицияға хабарласуға мәжбүр болған. Ал шенділердің айтуларынша, ай басынан бері аймаққа 740 тонна қант әкелінген, тағы 1 300 тонна әлі жолда.

«Тұрғындарды бірінші кезекте байбалам салмауға және қантты қажет болмаса, көп мөлшерде сатып алмауға шақырамыз. Өз кезегінде біздің тарапымыздан әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз өсіп кетпеуі үшін жұмыстар жүргізіледі», – деді Қарағанды қаласы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Абзал Рахымбаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.