Қалалық қоғамдық-саяси газет

БҚО-да белгісіз біреу 600 тонна шөпті өртеп жіберген

0 570

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Богдановка ауылдық округіндегі «Родина» ЖШС аумағында 2 405 рулон шөп өртеніп кетті деп хабарлады turkystan.kz өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына Батыс Қазақстан облыстық ТЖД-ның өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамынан 4 адам жедел жеткен. Сонымен қатар ерікті өрт сөндіруші құрылымдардан 10 адам, 3 трактор және 1 су құйғыш техникасы да тілсіз жаумен күреске тартылды. Өрттің салдарынан бір-бірінен 50-60 метр қашықта орналасқан 6 мая жанып кетті. Екі мая төбесі жабық орынға жиналған екен, айналасына минералды жолақ жүргізілген, барынша қауіпсіздік шаралары жасалған.

Алдын ала болжам бойынша, шөп қасақана өртелген.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.