Орал қаласының әкімдігі өзенге батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалған Данил Егузов пен анасына алғыс білдірді деп хабарлады turkystan.kz uralskweek.kz-ке сілтеме жасап.
Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов Данилге алғыс хат пен ноутбук тапсырды, ал оның анасына қала басшысы ержүрек ұлды тәрбиелегені үшін алғыс білдіріп, гүл шоғын сыйлады.
Қала әкімі Данилдің батыл қадамға барғанын айтты.
Еске салсақ, Данил Егузов Шаған өзеніне батып бара жатқан адамды арқасына салып, өзен жағасына дейін жүзіп өткен. Іле анасы екеуі алғашқы көмек көрсеткен.
Денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, бүгінгі күні Данил құтқарған ер адам дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне оралған.
Айта кетсек, зардап шеккен азаматтың жағада кішкентай 2 баласы күтіп тұрған.