Шаһарда мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жұмыстары бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілуде.
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі заңнамалардың сақталуына мониторинг жүргізу үшін комиссияның мүшелері мекемелерге шығуы тұрақты ұйымдастырылуда.
2022 жылдың 14 ақпаны мен 14 наурызы аралығында Тараз қаласы әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия қаладағы бөлімдер мен мекемелерге, жоғары және орта арнаулы оқу орындарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану және қолдану барысына зерделеу жұмыстарын жүргізіліп, нәтижесі 27 сәуір күні Тараз қаласы әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысында қаралды.
4 маусым күні «Жастар» аллеясынан Тұңғыш Президент саябағына дейін Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай «Елтаңбам – елдігім, көк туым – теңдігім!» атты патриоттық жастар акциясы аясында жаяу жүргіншілер және вело-автошеру ұйымдастырылды. Сондай-ақ облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен «Менің Қазақстаным!» атты форум өтіп, бірқатар азамат мемлекеттік марапаттарға ие болды. Бұдан бөлек «Қасиетті көк байрағы елімнің!» атты акциясы аясында шаһардағы көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерінде Мемлекеттік Тулар ілініп, қаладағы мекемелерде бір мезгілде Қазақстан Республикасының Гимні орындалды.
16 маусым күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану, орнату және насихаттау мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылып, семинар барысында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Ш.Қашқынбек, Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Бейсенбаев түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған жиынға шаһардағы басқармалар мен департаменттердің, құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау, білім, спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармаларына қарасты мекемелердің, жоғары және арнаулы оқу орындарының, банк саласының, қалалық бөлімдер мен мекемелердің жауапты қызметкерлері қатысты.
Ұлана Сламбекова,
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы