Қалалық қоғамдық-саяси газет

Абдуллин аягөздік тыңдарманына қолындағы жүзігін шешіп берді

0 564

Ақмола облысында биыл кірпіш зауыты мен гидрометаллургиялық кешен іске қосылады деп хабарлады turkystan.kz        

Бұл туралы Бурабайда өткен Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз мәслихатында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев мәлімдеді.

 «Өнеркәсіп секторы өңір экономикасында басым сала болып қала береді. Республика бойынша облыстың үлесі қосатын үлесі зор. Осы ретте, Ақмола облысы подшипниктердің 100 пайызын, мамандандырылған автомобиль мен трактордың әрбір екіншісін, астық жинайтын комбайндардың 65 пайызын, әрбір 4-ші килограмм алтын өндіреді. Сонымен қатар құс еті, өңделген сүт, жұмыртқа, ұн өсімдік майын өндіруде үлесі зор. Ірі жобалар арасында жылына 60 миллион дана кірпіш шығаратын «Енки Плюс» зауытының құрылысы бар. Жақын арада жылына 120 млн дана кірпіш шығаратын зауыт іске қосылады. Ал, жыл соңына дейін құрамында алтын бар кенді өңдейтін жылдық қуаты 5 миллион тонна болатын ірі гидрометаллургиялық кешенді іске қосу жоспарда бар», – деді Ермек Маржықпаев.

Аймақ басшысы атап өткендей, Аршалы ауданында жылына 6 мың тонна құс етін өндіретін кәсіпорынның тұрақты жұмысы есебінен облыста құс етін өндіру айтарлықтай өскен. Алдағы күзде Орта Азиядағы ең ірі құс фабрикасы «Макинск құс фабрикасы» құрылысының 3-ші кезеңі аяқталады. Бұл құс етінің импортын 15 пайызға азайтуға мүмкіндік береді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.