Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шерхан Мұртазаның інісі әкім болып тағайындалды

0 689

Президент әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жуалы ауданының әкімі болып Мұртаза Жалғас Алижанұлы тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz        

Аудан активіне жаңа әкімді аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов таныстырды.

Мұртаза Жалғас Әлижанұлы 1988 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында туған, білімі жоғары.

2009 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-комммуналдық шаруашылық істері агенттігінде есепші болып бастаған.

Әр жылдары ҚР Құрылыс және тұрғын үй-комммуналдық шаруашылық істері агенттігінде сарапшы, бас сарапшы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылғы маусым айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Айта кетсек, Жалғас Мұртаза – Шерхан Мұртазаның туған інісі Әлижанның баласы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.