Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құрметті облыс тұрғындары!

0 623

Сіздерге, Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт және қарусыз жиналып, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттеу (бейбіт жиналыстар)өткізу құқығын іске асыруға бағытталған қоғамдық қатынастарды «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 25 мамырдағы № 333 Заңымен реттелетінін жеткіземіз.

Бейбіт жиналыстар тек жергілікті атқарушы органдарға хабарлама жолдау немесе өтініш келісу арқылы ұйымдастырылады.
Бейбіт жиналыстарды заңсыз ұйымдастырып, оған қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғаны(ұйымдастырғаны үшін – жеке тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді, қатысқаны үшін – ескерту жасауға немесе отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді), ал егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірумен қатар жүретін болса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғаны(екі жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады)туралы ескертеміз.

Сіздерді арандатушылық шақыруларға берілмеуге және өздеріңіздің конституциялық құқықтарыңызды Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптары шеңберінде пайдалануға шақырамыз!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.