Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараздық оқушылар тәртіп сақшыларымен бірге таңғы жаттығу жасады

0 684

14 маусым күні Тараз қаласындағы №10 орта мектеп оқушылары үшін әдеттегідей басталған жоқ. Мектеп жанындағы лагерьде Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және қалалық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері балаларға жаттығулар ұйымдастырды.

Полиция қызметкерлері арнайы жаттығулар кешенін өткізіп, түрлі дене қимылдарын қалай дұрыс орындау керектігін көрсетті.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы ПД Кинологиялық орталығы мамандарының түрлі қойылымдары көрсетілді.

– Мұндай іс-шаралар нашақорлыққа қарсы күрес айлығы шеңберінде өткізіледі. Таңертеңгі жаттығулар балалардың жүйелі дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттырады. Оның үстіне, дене жаттығулары, әсіресе ашық ауада көңіл-күйді жақсартады және күні бойы сергектік береді, – дейді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.