Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мойынқұмның дамуында оң динамика бар

0 9  031

Бүгін  Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Мойынқұм ауданының әкімі Әлихан Балқыбековтың  қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Аудан басшысының айтуынша, ауданның өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі, пайдалануға берілген тұрғын үй  мен бөлшек сауда айналымындағы көрсеткіштер өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда біршама артқан.

– Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,2 миллиард, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 7,2 миллиард теңгені құрады. Ал бюджеттің орындалуы 99,9 пайызға жетті. Жалпы аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту, тиімді экономикалық климат қалыптастыру бағытында ілкімді жұмыстар атқарылуда. Жыл соңында белгіленген көрсеткіштердің барлығын еңсере аламыз деген ойдамын, – деген Әлихан Әбіләшұлы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жөнінде де кеңінен баяндады.

Жиын барысында БАҚ өкілдері көкейдегі сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.