Қалалық қоғамдық-саяси газет

Индустриялық дамудың даңғыл жолында

0 586

Қазақстан экономикасының дамуындағы оң үдеріс елімізде әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын өсіруді қамтамасыз етіп отыр. Экономиканың бүкіл салаларының тұрақты өсуі, халықаралық қауымдастықтың елімізді мойындауы Қазақстан қоғамының берекелі өмірінің негізі болып отыр. Заманауи жоғары дамыған елдің негізгі бәсекеге қабілеттілік басым­ды­лығы адами капиталдың сапасына­ және тұрғындардың тұрмысын қам­та­ма­сыз ететін факторларға тікелей тәуелді. Соңғы жылдардағы эконо­ми­калық өсу және мемлекет жүргіз­ген­ белсенді әлеуметтік саясат ел азамат­та­рының өмір сүру деңгейін едәуір жақсартуға мүмкіндік берді.

Бұл ретте, Талас ауданында индустриалды–инновациялық дамыту бағдарламасының орындалуы бойынша бірінші және екінші бесжылдығында жалпы құны – 374811,7 млн теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба жоспарланып, 18211,7 млн тенгені құрайтын 3 жоба іске асырылды.

1) 2014 жылы бірінші бесжылдықта ауданның экономикалық өсімін қамтамасыз ететін ішкі резерві жылына 15,0 мың тонна цианид натрий шығаратын («Talas Investment Company» ЖШС) «зәкірлік» инвестициялық жобасы іске асырылды. «Жобаның жалпы құны 22,6 млрд. теңгені құрады. Зауытты қазіргі таңда 557 адам жұмыспен қамтылған. «Talas Investment Company» ЖШС-гі – Қазақстанның химия өнеркәсібіндегі цианид натрий өндіретін тұңғыш химиялық зауыт болып есептеледі. Цианид натрий өндіру барысында қалдықтарды кәдеге жаратуда құнды минерал тыңайтқышы жылына 5,0 мың тонна сульфат алынатын болады.

«Talas Investment Company» ЖШС-і 2021 жылы қаңтар-мамыр айларында 4042 тонна цианид натрий және 1230 тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 4734,4 млн тенгені құрады. Өзінің толық қуаттылығының 35,1 пайызын немесе ауданның жалпы өнеркәсібінің 42 пайызын құрайды.

2) 2015 жылы екінші бесжылдықта ауданда жалпы құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын «Жамбыл Недр» ЖШС-і жылына 300,0 мың тонна М-400, 500 маркалы цементін өндіретін зауыт құрылысын аяқтады. Зауыт құрылысына 4,0 га жер телімі бөлінді. Зауытты қазіргі таңда 165 адам жұмыспен қамтылған. Шикізат көзі ретінде «Сүлейменсай» карьерінің әктасы мен «Майтөбе» топырағын пайдаланады. Қазіргі таңда зауыт тоқтап тұр, себебі зауыттың құрал-жабдықтары  жиі істен шығудын кесірінен. Тек қана карер істеп тұр.

«Жамбыл недр» ЖШС  ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында 15500 тонна әк тасын өндіріп, ақшалай 54,7  млн тенгені құрады.

3) 2016 жылы жалпы құны 1946,0 млн тенгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілді. «Қаратау Про» ЖШС-і жылына 110,0 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт толықтай құрылысын итальяндық құрал-жабдықтарды орнату арқылы аяқтады. Зауытта 96 адам жұмыспен қамтылған. Карьер толықтай геологиялық зерттеуден өткізілді. 2017 жылдың наурыз айында зауыттың қабылдау актісі жасалынып, кәсіпорын 23 наурызынан бастап іске қосылды.

2022 жылы қаңтар-мамыр айларында «Қаратау Про» ЖШС ұнтақталған мәрмәр 28600 тонна, карбонат кальций 1140 тонна, мрамор үгіндісі 51  тонна, мрамор ұнтағы445тонна өндіріп ақшалай 343,1 млн тенгені құрады. Өзінің толық қуаттылығының  27,5 пайызын немесе ауданның жалпы өнеркәсібінің 2,8 пайызын құрады.

4) Республикалық индустрияландыру картасына 2023 жылға енгізілген жоба «ЕвроХимТыңайтқыштар» ЖШС «Минералды тыңайтқыштарды өндіру Химзауытының құрылысы». Жобаның жылдық қуаты 1400 мың тонна минералды тыңайтқыштар өндіру. Жобаның құны 365,5 млрд. теңге. Жоба іске қосылғанда  2000  жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазіргі таңда минералды тыңайтқыштарға нарықта бағаның құлдырауына байланысты зауыт жобаның іске асуын 2023 жылға ауыстыруға шешім қабылдады.

Бұдан бөлек 2020-2025 жылдарға 26,5 млрд тенгенің екі зауытының құрылысы жоспарлнды.

1)«Talas Investment Company» ЖШС. Мақсаты жылына өндіретін өнімді 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға арттыру. Жалпы инвестиция 25438,0 млн тенгені құрайды. Жаңадан ашылатын жұмыс орны 300 адам. Іске асырылатын мерзімі 2022-2024 жылдары.

2) )«Каратау ПРО» ЖШС. Мақсаты жылына өндіретін өнімді 110,0 мың тоннадан 190,0 мың тоннаға арттыру. Жалпы инвестиция 1085,0 млн тенгені құрайды. Жаңадан ашылатын жұмыс орны 25 адам. Іске асырылатын мерзімі 2022-2023 жылдары.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.