Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәсіпкерлікті дамыту нақты жолға қойылған

0 171

Өңір экономикасының негізгі бөлігін өндіріс ошақтары мен кәсіпорындардан түсетін табыстың құрайтыны белгілі. Бұл тұрғыдан келгенде, қойнауы бай Мойынқұм ауданының Әулиеатаның өркендеуіне қосып келе жатқан үлесі аз емес. Ауданда аталған бағытта жүйелі жолға қойылған жұмыстар нәтижесінде биыл қаңтар-сәуір айлары аралығында «Өнеркәсіп өндірісінің көлемі» 30 996,1 миллион теңгені, НКИ 103,2 пайызды құрады. (2021 жылдың тиісті кезеңінде «Өнеркәсіп өндірісінің көлемі» 25 991,7 млн. теңге, НКИ 100,8%)

2022 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында «Өнеркәсіп өндірісінің көлемі» 37 861,0 млн. теңгені, НКИ 102,1% құрайды деп күтілуде.

Негізгі капиталға салынған инвестиция. 2022 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында «Негізгі капиталға салынған инвестициялар» 6 358,9 млн. теңгені, НКИ 56,4% құрады. (2021 жылдың тиісті кезеңінде «Негізгі капиталға салынған инвестициялар»  10 904,7 млн. теңге, НКИ 201,0%)

2022 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында «Негізгі капиталға салынған инвестициялар» 7 161,1 млн. теңгені, НКИ 52,8% құрайды деп күтілуде.

2022 жылға дейін республикалық маңызы бар Меркі-Шу-Бурылбайтал автожолының құрылыс жұмыстары жүріп 2021 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі едәуір артып кетуінде және ағымдағы жылы аталған автомобиль жолының құрылыс жұмыстары аяқталуына байланысты инвестиция тартылмауы көрсеткіштің орындалмауына әсер етті.

Бөлшек сауда айналымы. 2022 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында «Бөлшек сауда айналымы» 708,7 млн. теңгені, НКИ 112,4% құрады. (2021 жылдың тиісті кезеңінде «Бөлшек сауда айналымы» 567,4 млн. теңге, НКИ 87,7 %)

2022 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында «Бөлшек сауда айналымы» 891,0 млн. теңгені, НКИ 125,7% құрайды деп күтілуде.

Шағын және орта бизнес субъектілері туралы. 2022 жылдың 1мамырындағы ресми статистикалық мәліметке сәйкес Мойынқұм ауданы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 1906 бірліктіқұрады. (2021 жылдың тиісті мерзімінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 2 009 бірлік)

Оның ішінде:

  • шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар саны – 64 бірлік;
  • орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар саны – 4 бірлік;
  • дара кәсіпкерлер саны – 1 121 бірлік;
  • шаруа немесе фермер қожалықтарының саны – 717 бірлік.

Көсеткіштің төмендеу себебі: Аудандық кірістер басқармасы және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметтерін өз еріктерімен тоқтатуы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.