Жамбыл ауданы әкімінің өкімімен Асқар Маратұлы Байдалиев Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Асқар Маратұлы Байдалиев 1982 жылы 18 тамызда дүниеге келген.
2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Музыка және ән айту пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Жамбыл аудандық Мәдениет үйінде үйірме жетекшісі болып бастаған.
2004-2005 жылдары Жамбыл аудандық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы,
2005-2014 жылдары Жамбыл ауданы әкімиятының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы,
2014 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
Ұжымға жаңа басшыны таныстырған аудан әкімі аппараратының басшысы Самат Селеубаев жұмысына сәттілік тіледі.