Қалалық қоғамдық-саяси газет

Адамның саяси құқықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың қызметі

0 1  890

Қазіргі кезде адамның құқықтары мен бостандықтарын құқықтық қорғаудың әрекеті, әсерлі механизмін құру аса маңызды мәселеге айналып отыр. Қандай органдар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмін құрайды? «Тәжірибе мен қызметтеріне арналған, жан-жақты қамтушы құжаттардың бар екендігіне қарамастан, БҰҰ жүйесінің ішінде де, одан тыс жерлерде де жұмыстарды талдау «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекеме» деген терминнің келісілген анықтамасының жоқ екендігін көрсетті. БҰҰ-ның бұл саладағы бастапқы қызметінің тұжырымдамалық негізі жеткілікті дәрежеде икемді болды және адам құқықтарын қорғауға тікелей немесе жанама қатыстары бар ұлттық деңгейдегі кез келген мекемені қамтыған болатын. Сот билігіне, әкімшілік трибуналдарына, заң шығарушы органдарға, үкіметтік емес ұйымдарға, заң кеңселеріне және әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламаларына ұлттық комиссияларға, омбудсмен институтына қажетті құрылымдар сияқты тиісті көңіл бөлінді».

Кейінірек бұл ұғымның мазмұны тарылды: конституцияға немесе заңға сәйкес немесе декретпен құрылған және қызметтері адам құқықтарын қолдау және қорғау болып белгіленген орган. Біздер зерттеп отырған проблеманың маңыздылығына қарамастан, адам мен азамат құқықтарын қорғау механизмін құрайтын ұғымдарға байланысты шатасу, қарама-қайшылық, ұқсастық орын алып келеді. Адам құқықтарын қорғау механизмін зерттеуде теоретиктер «сақтау», «қорғау», «кепілділік», «қамтамасыз ету» терминдерін жиірек қолданады. Терминдер мен ұғымдарды түсінуде бір ортақ пікірге келмейінше, бұл проблеманы обьективтік зерттеу мүмкін емес. Заң шығарушылық деңгейдің өзінде де олардың қолданылуы бірмағыналы емес әрі қарама-қайшылықты. Заң ғылымында «сақтау» және «қорғау» ұғымдары не ұқсас ретінде қолданылды, не оларға дербес мағыналар беріледі. Терминдердің бірмағыналығы, терминологияны реттеу, олардың синонимдігін, көпмағыналығын жою заңдарды қолданудың анық біркелкілігіне көмектескен болар еді. Ұғымдарды араластыру конституция және басқа да нормативтік актілер деңгейлерінде де кездеседі. Заң шығарушылықта бұл идеяларды іске асыру аса қиын, өйткені бұл Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастап, барлық нормативтік актілерге редакциялық өзгерістер енгізуді қажет еткен болар еді. Сайып келгенде, ұғымдардың әртүрлі түсіндірулеріне тап болып, біз олардың шын мағыналарын анықтау қажет екендігін, ол үшін бізге олардың әрқайсысының мәні мен мазмұнын анықтауға көзқарастарды талдаудың қажет екендігін анықтадық.

В. Даль, С. Ожегов, А.В. Стремоухов «қорғау» мен «сақтау» ұқсас ұғымдар деп санайды. Бұл көзқарасты ММУ авторлары да қолдайды: «аталған ұғымдардың араларындағы айырма заңдылықты күзету (қорғау) оның бұзылуымен байланысты, ал қамтамасыз ету – мұндай бұзылушылықтардың алдын алумен және заңды нығайтумен байланысты. Заңдылықты сақтау жүйесі заң шығарушылық пен заң қолданушылықта құқық пен заңды бұзушылықты ашуды, оларға дереу тыйым салуды, құқық пен заңды қорғау құралдарын іске қосуды және құқық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіруді, құқықпен заңды бұзуға кінәлі лауазымдық тұлғаларды жауапкершілікке тартуды қамтиды».

В.И. Бутылин: «Құқықтарды сақтау деп мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың құқықтарды бұзушылықты болдырмауға, оларды тудыратын себептерді жоюға бағытталған және тұлғаға өзінің құқықтары мен бостандықтарын іске асыру процесінің қалыпты өтуіне жәрдемдесуші іске асырылып отырған өзара байланысты шараларын түсінеді [1].

Мемлекеттік қорғау механизмі мынандай элементтерді: мемлекетті қорғау институтын реттеуші құқық нормаларын; мемлекеттік қорғау органдарының жүйесін; мемлекеттік қорғау құралдарын біріктіреді.

В.А. Лебедев Ресейдегі адам құқықтарын қорғаудың түрлеріне мыналарды жатқызады. Азаматтардың құқықтарын мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорғауы; азаматтардың құқықтарын қоғамдық бірлестіктердің қорғауы; өзіне мына төмендегілерді біріктіретін адамның өз құқықтарын өзінің қорғауы: 1) мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына арыздану; б) азаматтардың құқықтарын бұзатын лауазымдық тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану; в) бұқаралық ақпарат құралдары мен құқық қорғау ұйымдарына, қоғамдық бірлестіктерге шағымдану; 2) азаматтардың өз құқықтарын көпшілік алдында қорғаулары; д) адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға арыздану.

Азаматтардың мемлекеттік билік жүйесіндегі арыздануларының құқықтық тегі сан қырлы. Бұл мемлекет органдары мен азаматтардың араларындағы қоғамдық қатынастарды іске асырудың бір түрі болып табылатын әркімнің субьективтік құқығы. Азаматтың әрбір қанағаттандырылған арызы (шағымы, өтініші) – бұл оның бұзылған құқығы мен заңды мүддесін қорғау ғана емес, сонымен бірге кемшіліктерді түзету, бұзушылықтарға тыйым салу, яғни әрбір азаматтың пікірін іс жүзінде ескеру, оның облыстың, аймақтың істеріне араласуының түрі. Бұл құқық конституциялық болып табылады. Ол тікелей демократияның көрінісі. Бұл адамның оның құқықтарына байланысты мәселелерін қарау және шешім қабылдауға жедел және әсерлі қатысу мүмкіндігі. РФ азаматтардың шағымдарын мағынасын, мазмұнын қарау тәртібін қамтитын принциптердің қатарына Л.А. Нудненко мен Н.Ю. Хаменева мыналарды жатқызады:

  1. адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау:
  2. азаматтардың шағымдарын қараудың міндеттілігі, деркезділігі мен әділдігі;
  3. жариялылық;
  4. арыз-шағымдарды тудыратын себептерді жою;
  5. азаматтардың шағымдарының қаралуы мен шешілуінің деркезділігі және сапасын бақылау.

М.С. Башимовтың көзқарасын қолдай келіп, В.А. Лебедев «Құқықтар мен бостандықтарды мемлекеттік қорғауды іске асырушы органдардың жүйесінде заң шығарушы органдардың қызметін атап өту керек. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына заң кепілдігінің негізін салушылар нақ солар болулары тиіс» – деп жазды. Бұл авторлар адам құқықтарын қорғайтын механизмге Парламентті енгізеді[2].

Қамтамасыз ету, сақтау, бақылау, қадағалау, адам құқықтарына кепілдік ұғымдарына байланысты айтылған пікірлерді талдай келе, біз ұғымдық аппаратты анықтап алуымыз керек. Құқықтар мен бостандықтарды сақтау, реттестіруді статистикалық қызмет орындайды, яғни статистикалық тұрғыдан қамтамасыз ету болып табылады.

Құқықтық  сақтау механизмі реттестірушілік және қорғаушылық құқықтық нормалардың көмегімен іске асырылады. Қорғау болса, тек қана қорғаушылық құқықтық нормаларға негізделінеді. Құқықтық күзеттің мән-мәнісі, біріншіден, құқықтық реттестіруден, екіншіден, құқықтар бұзылған жағдайда арнайы органдардың оларды қорғау әрекеттерінен тұрады. Демек, құқықтарды күзету өз бастауын субьективтік құқықтың пайда болған кезінен алатын және құқықтық қорғауды қоса қамтамасыз етуді қажет ететін саты болып табылады.

Қорғау болса, құзіретті органдардың немесе адамның өздігінен (өзін-өзі қорғау) бұзылған құқығын қалпына келтіру мақсатында заңда белгіленген тәртіппен құқығын іске асырудың (міндеті тұлғаға байланысты) мәжбүрлі тәсілі. Нақ осы қорғау сатысында бұзушылық жойылуға, құқық қалпына келтірілуге тиіс. Сөйтіп, қорғауға реттестірушілік-динамикалық қызмет жүктелген, ол динамикалық тұрғыдан құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз ету ретінде көрініс табады.

Қорғау – бұл субьективтік құқықтарды, сот қорғауын, заң шығарушылық, экономикалық, ұйымдық-техникалық және басқа да тәсілдер мен іс-шараларды, сонымен бірге азаматтық құқықтарды өзі қорғауды қоса, еркін және лайықты іске асыруды қамтамасыз ету үшін қолданылатын шаралардың кешенді жүйесі. Құқықтарды қорғау құқықтарынан заңсыз айырудың немесе оларды заңсыз шектеудің алдын алуға және (немесе) тиым салуға бағытталған әрекет немесе әрекеттердің жиынтығы. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы айтқанда біз тек олардың бұзылған жағдайларына ғана көңіл аударып отырмыз. Қорғау – бұл сот қорғауын, азаматтардың құқықтарын қорғаудың заңдық, экономикалық, ұйымдық-техникалық және басқа да құралдары мен шараларын, сонымен бірге оларды өзі қорғауды біріктіретін субьективтік құқықтардың еркін және лайықты іске асырылуларын қамтамасыз ету үшін қолданылатын кешенді шаралар жүйесі. Құқықтарды қорғау құқықтарды заңсыз шектеу және (немесе) олардан заңсыз айырудың алдын алу және (немесе) тиым салуға бағытталған әрекет немесе әрекеттер жиынтығы [3].

Бақылау органдары мамандандырылған және мамандандырылмаған болып жіктелінеді. Бақылау нысандары тұрғысынан алғанда конституциялықты, заңдылықты бақылау органдары және мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметінің тиімділігін, қажеттілігін және адалдығын тексеруші органдар болып бөлінеді. Жұмыс әдістеріне қарай өз өкілеттіліктерін сот процесі арқылы іске асыратын және тексерулер мен тергеулер жүргізетін органдарға бөлінеді. М.С. Башимов атқарушы биліктің азаматтардың арыз-шағымдары және мәлімдемелерімен жұмыс істеуші органдарқатарына Үкіметті, бюджеттің орындалуы жөніндегі Есеп комитетін, Премьер-Министрдің кеңсесін жатқызады, – олар бақылаушылық қызмет атқарды. «Баяндалынған ұстанымдар атқарушы билік органдарының азаматтардың құқығын қорғау аясындағы бақылау қызметтері көп қырлы сипатты, жеке адамның құқықтарын қорғау механизмдерінің арасында жеткілікті орын алады. Бақылау азаматтардың өздерінің өтініштерін қарауға міндетті органдарға арыздану жолымен де, тиісті нормативтік және жеке актілер қабылдау, түрліше бақылау – қадағалау шараларын өткізу, тәртіптік, кейде әкімгершілік жазалау шараларын қолдану жолымен де іске асырылады. Содан соң ол прокуратура органдарының, үкіметтік емес ұйымдар түріндегі қоғамдық бақылаудың қызметтерін белгілейді. Сөйтіп, адам құқықтарын қорғау механизміне тағы да бір тәсіл – адам құқықтарының сақтауын бақылау қосылды. Пікірінің дұрыстығын дәлелдей отырып, М.С.Башимов былай деп жазады: «Бақылау – бұл әлеуметтік басқарудың маңызды элементі, және оның тек тексерушілік, кейбір бұзушылықтар табылған кезде мүмкін болатын санкциялары бар бақылау әрекеттеріне жатқызуға болмайды. Конституция нормаларының, заңдардың, басқа да нормативтік актілердің орындалуын бақылау – мемлекеттік және қоғамдық органдардың жалпы және әмбебап қызметі.

Құқық қорғаушылық қызметтің әдісі ретінде бақылау үш элементті біріктіреді:

  1. Заңның, басқа нормативтік актінің немесе жеке тапсырманың, өкімнің т.б. іс жүзінде орындалуын тексеруді бақылаудың ерекшелігі сол, тексеру қабылданған шешімдер мен әрекеттердің қажеттілігі тұрғысынан жүргізілетіндігінде емес. Мұндай өкілеттіліктер бақылаушы органдарға берілген.
  2. Заңның, құқықтық ұйғарымның, тапсырманың, өкімнің орындалуының жолдары мен құралдарын тексеруді. Бұл элементтің маңыздылығы сол, бақылаудың бұл тұсы нәтижелерге жету мен заңдылықты сақтаудың жолдарын бағалауға мүмкінді береді.
  3. Бақылау нәтижесінде шаралар қабылдау. Қабылданатын шаралар әртүрлі болулары мүмкін. Материалдық-техникалық, қаржылық, ұйымдастырушылық, тәртіптік, әкімшілік және басқа да ықпал жасау шаралары [4].

Қорыта келе, адам құқықтарын сақтау адам құқықтарын қорғауға қарағанда мағынасы кеңдеу ұғым, соңғысы тек оларды бұзған жағдайда орын алады. Ал адам құқықтарын күзету мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың құқық бұзушылықтың алдын алуға, оларды тудырушы себептерді жоюға бағытталған және тұлғаның өз құқықтары мен бостандықтарын іске асырудың қалыпты процесіне көмектесуге бағытталынған өзара байланысты шараларын біріктіреді. Адамның құқықтарын әртүрлі мемлекеттік органдар жариялайды, қорғайды, кепілдік береді, қамтамасыз етеді. Адам құқықтарының барлық элементтері мен регламенттеу жолдарын біріктіретін және оларды іске асыру үшін жағдайлар туғызушы категория адам құқықтарын қорғау ұғымы болып табылады. Тұлғаның егеменді бастауларын, оның құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық ретінде тану құрайды.

Дамира Құрманбаева,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік  университеті, «Экономика және құқық» факультеті.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.