Қалалық қоғамдық-саяси газет

Саяси жүйедегі өзгерістер Конституциядан басталады

0 821

Референдумда таңдау жасар сәтте ескеретін бір мәселе – ұсынылып отырған конституциялық реформалар уақыт талабына сай келетіндігі. Әр өзгеріс мемлекетті демократияландыру бағытындағы оң үдеріс байқалады.Сол себепті саяси реформаларды жүзеге асыруға құқықтық негіз болатын референдумның маңызы мен өзгерістердің мазмұнымен әр азамат жете танысуы керек. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Конституциялық реформалар – ел дамуының негізі» атты дөңгелек үстел осындай мақсатта ұйымдастырылды.

5 маусымда өтетін республикалық референдумға дайындық пен оны өткізуге қатысу, Мемлекет басшысы ұсынған реформаларды кеңірек түсіндіру үшін құрылған облыстық референдумды қолдау тобының мүшесі,

декандар мен профессор-оқытушылар  құрамы қатысқан жиында елдегі саяси реформалардың маңызы туралы сөз болды. Спикерлер елдің алдағы даму бағдары бойынша ой-пікірлерін ортаға салып, елдік мәселені қозғады.

– Мемлекетіміз үшін өзгеріс шын мәнінде керек. ОлКонституциядан басталып отыр. Жалпы өткен 30 жылды сараласақ, бүгінге  Конституцияға 7 рет өзгертулер мен түзетулер енгілді. Оның парламентте отырған 90 адам шешті. Бұл жолғы ерекшелік – мемлекеттік жүйені жаңаша даму жолына бастайтын өзгерістерді таңдау жауапкершілігі халыққа жүктеліп отырғандығында.Мемлекеттің негізін құраушы – халық екенін ескерсек, бұл ретте біздің конституциялық құқығымыз қорғалып, елдік мәселеге тікелей араласуға мүмкіндік берілгенін айта кеткен жөн. Біздің мақсат – қоғаммен, қарапайым халықпен бірге болу. Халық тілегіне құлақ асып, үн тыңдай білу – азаматтық позиция, – дейді облыстық қоғамдық штаб мүшесі Сембек Сейдазимов.

Басқосудаоблыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары Даурен Дайрабаев Конституцияның нақты қанша бабына қандай өзгерістер енгізу ұсынылып отырғанына тоқталып, түсіндіріп өтті.

Жиын соңында ректор Талғат Ешенқұлов елдік мәселеге бей-жай қарамау керектігін атап айтты.

–Референдум мемлекеттегі іргелі өзгерістерге құқықтық негіз береді. Ол өзгерістер 5 маусымда өтетін референдумда бекітілетін болады. Сондықтан, референдумға біркісідей қатысып, азаматтық белсенділік танытуға шақырамын, – дей келе Талғат Ілиясұлы бұған дейін университетте ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылғанын,оған келгената-аналармен әңгіме барысында да елдегі жүрігізіп жатқан саяси реформалар туралы сөз қозғалғанын айтып өтті. Осындай елмен етене жүргізген жұмыстар өзнәтижесін беріп, референдумда еліміз үшін ең дұрыс шешім қабылданатындығына сенім білдірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.