Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Дөрекі түрде шешіп әкеткен»: Хиуаз Доспанованың ескерткіші жоғалып кетті

0 255

14 мамырда Атыраудағы орталық көпірдің астындағы саябақта Хиуаз Доспанованың ескерткіші жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Ескерткішті таба алмаған тұрғындар дабыл көтерді деп хабарлады turkystan.kz «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ұшқыш Хиуаз Доспановаға арналған ескерткіш бұл жерде 2010 жылы пайда болған. Демалыс орнын қала тұрғындары бірден ұнатты. Алайда өткен демалыста тұрғындар жәдігерді орнынан таба алмай қойған.

«Мүсінді дөрекі түрде шешіп әкеткен. Қайда, не үшін алғандары белгісіз. Бұған дейін адамдар мұнда демалатын. Доспанованың ескерткіші бар саябақ қаланың көрнекі жері еді», – дейді саябаққа жақын маңда тұратын тұрғындар.

Ескерткіштің орнында қазір QR-коды бар тіреуіш пен «Тарихи-мәдени мұра нысанын мемлекет күзетеді» деген жазу бар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.