Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Алтын Орда» базарының иелері бюджетке 1,5 млрд теңге салық төледі

0 261

«Алтын Орда» базарында сауда жасайтын 2993 азамат кәсіпкер ретінде тіркелді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

«Мемлекет басшысының Алматы облысындағы «Алтын Орда» базарының қызметін ретке келтіруге қатысты тапсырмасына сәйкес бірқатар бақылау шаралары жүзеге асты. Сауда орталығында жұмыс істейтін 2993 азамат кәсіпкер ретінде тіркелді. Оның ішінде ақпанда – 1371, наурызда – 1443, сәуірде 179 адам жеке кәсіпкерлік құжатын алды. Бұрыннан тіркеліп, жұмыс істеп отырған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды қоса есептесек, қазіргі уақытта жалпы саны 3 324 субъекті бар. Бұрын базар аумағында сауда жасайтын 331 салық төлеуші есепте тұрған», – деп жазды ведомстводан.

Тағы белгілі болғаны, бақылау шаралары базарды жалға алушы «Altyn Orda QazTrade Ltd» ЖШС және базар иесі «KURYLYS LTD» – «Курылыс ЛТД» ЖШС-не қатысты жүргізілген. Қолданылған шаралардың нәтижесінде бюджетке 1,5 млрд теңге салық төленді, оның ішінде «Altyn Orda QazTrade Ltd» ЖШС 1,4 млрд теңге салық төлеген, «KURYLYS LTD» – «Курылыс ЛТД» ЖШС – 92,3 млн теңге бюджетке аударған.

«Одан бөлек, қолданылған шараның нәтижесінде «Altyn Orda QazTrade Ltd» ЖШС мен «KURYLYS LTD» – «Курылыс ЛТД» ЖШС-не камералдық бақылау бойынша жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге хабарламалар қойылып, 1,1 млрд теңге қосымша салық есептелді. Қазіргі уақытта оның 650 млн теңгесі бюджетке өндірілді», – деп толықтырды комитеттен.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Altyn Orda QazTrade Ltd» ЖШС мен базар иесі «KURYLYS LTD» – «Курылыс ЛТД» ЖШС-не қатысты салықтық тексерулер жүргізілуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.