Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қауырсын қалам

0 551
Ұмытпа, ару
Ұмытып қалма, ардақтым менің, күлуді,
Бақыттылармен баянды өмір сүруді.
Аяқтан шалып, алшақтап басып алқынба,
Ұмытпа, қалқам, ұмытпа өзіңді бақыттымын деп білуді.
Сөндірме сәуле тұрғанда лаулап жанарда,
Мәңгілік шоғың, шоқтай болып қалар ма?!
Сен енді олай ұмытып кетпе бәрін де,
Сенің қалаған арманың асқақ бар алда!
Ұмытасың ба? Аруым, бәрін, бәрін де?
Құлақта қалған сыбырлап жатыр әнің де.
Аппақ қанаты қайырылған құстай тыпыршып,
Кейде көрінді әлің де маған, халің де!
Ұмытпа енді, бақыт дегеннің атауын,
Айқайлап іштей, сыртымнан сыбыр қатамын.
Ұмытпа, Аруым, сенің ішіңде жайқалған,
Жүрек түпінде ақ раушан гүлдер
жайқалып бүршік атарын!
Жылаушы болма, өмірдің кері желіне,
Арманды бүгін келесің қуып желіге.
Бәрібір оған жетіп аласың, жүйрігім,
Шуақ бер енді жан дүниеңнің жайқалған
асқар беліне!
Арайлым ЕРШЕЕВА,
Дулати университетінің 3-курс студенті

Алғыс айта жүрейік!

Наурыз келді дегенім – көктем келді,
Шуағына бөлеген көк пен жерді.
Жақсы күнге сенейік, болашаққа,
Жамандықты ұмытып өткендегі.

Наурыздың бірінде айтам алғыс,
Аман болсын адамзат, жалпы таныс.
Алғыс айта жүрейік ағайынға,
Тілейікші бәріне таудай табыс.

Аруларым, алтын деп бағаладым,
Мен сендермен қуаныш таба аламын.
Сегізінші наурыз құтты болсын,
Әпкелерім, жеңгелер, аналарым!

Наурызым – мерекем, ұлық күнім,
Берекенің танытқан тұнықтығын.
Мен осыдан ұлтымның берекесін,
Мерекесін салтында біліп тұрмын.

Наурыз айы осындай мерекеміз,
Мерекені тойлаған ел екенбіз.
Ғасырлардан жетейік ғасырларға,
Бұзылмасын мәңгілік берекеміз!

Жұматай КӨКСУБАЙ,
Дулати университетінің 4-курс студенті

Көктем-өлең, қорғай жүр…

Көңілің де жабырқайды сондай бір,
Жүрегің де ауырады оңбай бір.
Күз келгенше жалғыздықты өтінем,
Көктем-өлең, қорғай жүр…

Тереземді үнсіз қағып, тымық түн,
Неге ескерткен бұйымтайды ұмыттың?
Адасады аппақ арман, ақ тілек,
Арасында үміт пенен күдіктің.

Тарпаң тағдыр, сан соқпақта тарылдың,
Қыспағыңа көндім, сонша неғылдым?
Анау тұрған бозбаланың жүзінен,
Жусан исі бұқырайды ауылдың…

Шұрық тесік қайыршыдай жейдесі,
Көлбеңдейді көлеңкемнің бейнесі.
Өзімді-өзім жек көргенім соншалық,
Алматыға сыймай кетем кейде осы…

Шақырады қайсыбірі көкелеп,
Борышым көп пенделерге өтемек.
Қорған бола тұршы, Алатау, айбарлым,
Күз келгенше жалғыздықты жетелеп…

Хамит АЙДАР,
Дулати университетінің 4-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.