Қалалық қоғамдық-саяси газет

Граффити жақсылыққа апармайды

0 2  318

Облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Жастар есірткіге қарсы!» тақырыбында дәріс өткізді.

Басқосуда сөз алған басқарма бастығы Асқар Жұмабеков басқосудың мән-маңызына кеңінен тоқталды.
– Бүгінде есірткі дилерлері тұтынушыларды синтетикалық заттардың жаңа түрлерімен қызықтыруға тырысуда. Ал біздің мақсатымыз – балалар мен жасөспірімдерді осындай жайттардан сақтандыру. Себебі дәл осы жас санатының өкілдері есірткі сатушылардың әлеуетті нысаны болып табылады. Сондықтан да бұл дәрістің берері мол, – деген басқарма бастығы ұстаздар мен ата-аналарды балаларын есірткіге тәуелділіктен қорғауға шақырды.
Сондай-ақ қатысушыларға әлеуметтік желілерде, асфальтта, үйлердің қабырғаларында немесе кіреберістерде есірткі сататын сайттар жарнамасы бар граффити жазбалар анықталған жағдайда полиция бөліміне хабарласу керектігі ескертіліп, есірткінің зияндылығы жөнінде арнайы әзірленген бейнебаян көрсетілді.

Жұматай Көксубайұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.