Қалалық қоғамдық-саяси газет

Оңтүстік Кореяда қазақ жігітінің мәйіті табылды

0 311

Оңтүстік Кореяда қайтыс болған Шымкент тұрғынының денесі алты күннен бері жат елдің мәйітханасында жатыр деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Шетелге табыс табуға төрт жыл бұрын кеткен Батыр Оспанов қатты сырқаттанған анасын ойлап күйзелісте жүрген.

Туыстарының айтуынша, оның өліміне бір апта бұрын болған анасының қазасы туралы жаңалық себеп болған.

«Анасының хабарын айтып отыратынмын. Осылай болды, осындай жағдай болып қалды деп. Соның бәрі оған ауыр тиді. Себебі, жүрегі қысылып жұмысқа қолы бармай жатқанына. Анасының осындай жағдайға түскеніне сенбей жатқан», – деді марқұмның жұбайы Замира Оспанова.

39 жастағы марқұмның денесін елге жеткізуге 3 жарым милион теңге керек, алайда жағдайды Оспановтың заңсыз мигрант есебінде кеткені қиындатып отыр. Артында 14 жастағы ұлы мен 12 жастағы қызы қалды.

Құжаттандыруы мен елге әкелуін ұйымдастырып жүрген «Корея көмек» қоры соңғы бес жылда 36 Қазақстан азаматының Оңтүстік Кореяда көз жұмғанын, көпшілігінің мүрдесі жақындары ақша тапқанша апталап мәйітханада жататынын айтады. Қазір де Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге кеткен 36 мың қазақстандықтың бар-жоғы он мыңға жуығы ғана жұмыс визасын аштырған.

«Ол Корея аумағында қазір, мысалы, бір айлық табыс миллион болса, олар соған қызығып кетіп жатыр. Ал жеке басын сақтандырып жатқан жоқ. Ресми ақпараттарды беріп, олар Елшілікке және Сыртқы істер министрлігі тарапынан ешқандай тіркеуде жоқ. Билетті алады да, жәй ғана кетеді. Сондықтан біз осы билік басындағыларға да айтқымыз келеді, осы екі мемлекет арасында жұмыс визасы ашылса әрбір отандасымыздың жеке басы сақтандырылады. Осындай қайғылы жағдайларда қара халыққа алақан жаймай, сақтандыру компаниялары мәйітті тезірек елге жеткіземіз», – деді «Корея көмек» қайырымдылық қорының әкімшісі Самат Ахметов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.