Ш. Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылау мақсатында өткен дөңгелек үстел өтті.
Аталған шараға мәдениет қызметкерлері қатысты. Нақтырақ айтқанда, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының диреткоры Сауран Қалиұлы қатысып, арнайы баяндама жасады. Сонымен қатар Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры Қ.К.Даурембековпен бірге ұжым мүшелері қатысты.
Отырысты Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы А. Садубаев кіріспе сөзбен ашып, ары қарай жүргізіп отырды.
Ол өз сөзінде Президенттің «Саяси жаңғыру – нәтижелі жүзеге асу үшін баршамыз жұмыла жұмыс істеуіміз қажет. Заң – баршаға ортақ» деген сөзін тілге тиек ете отырып: «Мемлекет басшысының жаңа Жолдауының мәні мен маңызы айрықша. Сондықтан облыс тұрғындары арасында кеңінен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 130 мүшесі бар 11 топ құрылғандығын» жеткізді.
Дөңгелек үстелде Талас аудандық мәслихатының депутаты, ақын-сазгер Ү.Қ. Битенова, Тараз қалалық кәсіподақ ұйымының бас маман-заңгері А.М. Ыстыбаев, «Қоғамдық келісім» мекемесінің ғылыми-сараптамалық бөлімінің басшысы Е.Б. Каншимбеков, «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы М.Х. Исақұлова, Халықаралық Тараз инновациялық институтының Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс секторының жетекшісі Б.А. Бекназаров сөз алып, өз ойларын ортаға салды.