Қалалық қоғамдық-саяси газет

№30 мектеп-гимназия: Шер-аға атындағы білім ордасының алар асуы биік

0 712

    Жуырда ғана Тараз қаласындағы №30 мектеп-гимназияға шындықтың шырақшысы Шерхан Мұртазаның есімі берілді. Мұндай ақжолтай хабарға қуанбаған адам кемде-кем. Осы орайда ұлы тұлғаның есімімен айдарланған білім ошағына арнайы ат басын бұрып, тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан едік.

1973 жылы С.П.Королев атындағы №30 орыстілді орта мектеп алғашқыда Жамбыл облысы, бұрынғы Жамбыл қаласы, «Салтанат» (4) ықшамауданында ашылған екен. Бастапқыда білім ошағы 1200 оқушыға арналып салынған. 1973-1995 жылдар аралығында аталмыш мектепке Л.А.Лазан және В.А.Пинчук директор болған. Ал 1997 жылы Тараз қаласы әкімінің шешімімен білім ордасы №30 орта мектеп болып қайта құрылған. 1996-2002 жылдар аралығында мектепті Арысланбек Болатханұлы басқарса, білім негізін қалыптастыру жолында Жамал Құрманалиева, Тұрсынкүл Бекова, Қалыш Телешова, Нұрбүбі Шәріпбекова, Мария Байжигитова, Айша Ажиханова, Орынбасар Игілікова, Ұлтай Жұмабекова, Фатима Ермағамбетова, Оралбике Тастамбекова, Нұрсұлу Баялиева сынды ұлағатты ұстаздардың сіңірген еңбегі ерен. 2002-2017 жылдар аралығында Бахытбек Абдикеримов мектеп тізгінін ұстаса, бүгінде мұнда білікті ұстаз Рахия Есеева директорлық қызметте.

– Біздің мектеп-гимназияға танымал жазушы Шерхан Мұртазаның атын беру туралы ұсынысты ұжым жасады. Сол уақыттағы қалалық білім бөлімінің басшысы Мүбәрак Жинақбаева қолдау білдірді. Кейін бұл шешім қабылданғаны туралы қуанышты хабарды алғашқы болып жеткізген Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген болатын. Бұрын мектеп-гимназияның мәртебесіне лайықты жұмыс атқаруға талпынсақ, енді Шерхан Мұртазаның атын иемденген соң, бұл жау- апкершілік екі есеге ауырлай түсті. Шерхандай шыншыл, адал, парасатты тұлғаларды тәрбиелесек деген жүкті сезіндік. Биыл Шер-ағаның 90 жылдығына орай іс-шараларды өткізсек деген дайындық үстіндеміз.
Үкіметтің Қаулысы шығып қойғанымен, әлі қолымыз- ға тие қойған жоқ. Қазіргі таңда Шерхантану орталығын ашып, курсын жүргізіп, Шер-ағаның сөздерін мектеп дәліздеріне жазып, жыл сайын Шерхантану оқуларын жүргізуді қолға алсақ деген жоспарымыз бар. Өңірдің тау тұлғасына айналған жазушыға болмаса да ұқсап бағуға ниетіміз орасан. Білімімен сусындатқан оқу ордасы Шер-ағаның атына лайық екеніне, алдағы уақытта да бұл есімді білім ошағы тек абыроймен алып жүретініне кәміл сенеміз, – дейді мектеп директоры Рахия Райқұлқызы.
Ізет-ілтипатымен танылып, білім жүйесінің озығымен топ жаруға ниетті Шерхан Мұртаза атындағы мектептің бүгінде ұйымшылдығы жарасып, асығы алшысынан түскен. Нұрлы ақыл мен ыстық қайратты серік етіп, дүниеге кірпіш болып қалануға барын салған шәкірттер мен үйретуден жалықпаған ұлағатты ұстаздар бұл табалдырықтың туырлығын тік ұстап, туын жықпауға атсалысып отыр.
Мектеп-гимназияның бүгінде сыйымдылығы 1000 орындыққа шақталған. Жаңа мектеп қазіргі заман талабына сай техникалармен жабдықталған. 2021-2022 оқу жылында 1-11 сыныптар арасында 1800-дей оқушы білім алуда. Мектеп жаңа модификациялы физика, химия, лингафонды кабинеттерімен қамтылып, 20 оқу бөлмесінде интерактивті тақта құрылған. Ұжымда 142 мұғалім қызмет етсе, олардың ішінде жоғары және І санатты мұғалімдер үлесі 51,4 пайызды құрайды.

Ұстаздар арасында өзінің жұмыс нәтижесі және оқушы жетістігімен мектептің абыройы асқақтауына сүбелі үлес қосып жүрген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балжан Махамедова, оқушысы Аружан Байұзақ респуб- ликалық пәндік олимпиаданың ІІ орын иегері. Тілеухан Лесбаев – математика пәнінің мұғалімі. Оқушысы Нуриза Кенбаева республикалық ғылыми жоба жарысында І орын, Халықаралық ғылыми жоба жарысында ІІ орын иегері атанған. Назген Мейрахатқызы – информатика пәнінің мұғалімі. Облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының І орын иегері, республикалық байқауда Алғыс хатқа ие болған. Халимат Қамзаева биология пәнінен сабақ береді. Облыстық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» байқауында бас жүлдені иеленсе, республикалық байқауда Алғыс хатқа ие болған. Назира Абдикапарова – өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі. Облыстық «Ең үздік өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі» байқауында ІІ орынды иеленген. Гүлмира Шарипбекова – «Көркем өнер» пәнінің мұғалімі. Облыстық «Үздік өнер сабақтары» байқауының ІІІ орын иегері. Жания Дәрменова – музыка пәні, оқушылары республикалық түрлі өнер жарыстарында көптеген жүлделі орындарды иеленген. Жарқынай Наурызбаева – облыстық «Үздік физика пәнінің мұғалімі» байқауының ІІ орын жүлдегері.
2021-2022 оқу жылында оқушылардың білім сапасы 64,35 пайыз болса, үлгерімі 100 пайыздық межені көрсеткен.
Мектепте 22 үйірме оқушыларға тұрақты қызмет көрсетуде. Спорт секциясы бойынша – футбол, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, күрес, қол добы, үстел теннисі, сонымен қатар оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін ашылған «Гамбит» шахмат үйірмесі бар. Өнер секция- сы бойынша – «Шаттық» би, «Әнші балапан», «Муз-әлем» ән-вокал, «Бозінген» домбыра, «Замандас» драма, «Бояулар сыры» сурет салу, «Қолөнер», «Ісмер», «Шебер қолдар» қолөнер аппликация- мен жұмыс, тоқыма тоқу, тігін тігу, аспаздыққа, ағаш өңдеу. Сонымен қатар биылғы оқу жылында «Номад» дебат және оқушыларға роботтарды бағдарламалауды, құрастыруды үйрету және де жаңа технологиялармен таныстыруға бағытталған «Робототехника» үйірмесі қолға алынған. Ал 1-2 сыныптарға арналған «Ертегілер әлемінде» және «Жас зерттеуші» үйірмелері іске қосылған.
Мектепте білім алған оқушылардың жетістігіне тоқталар болсақ, 2019 жылы Айару Жетпісбай Жамбыл облысының 80 жылдығына арналған «Таразым – бақыт бесігім, ертегідей шаhарым» атты байқау-фестивалінен бас жүлде иегері атанған. 2019 жылы Ақерке Тұрар Халықаралық «Жас дәурен» хореографиялық би байқауына қатысып, бас жүлде иеленген. Осы жылы Орынбасар Нұрасыл «Мusic festival Art Kazakhstan» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-би және өнер байқауында «Вокал» номинациясы бойынша III орын алған. Ал Қайрат Мирас I орынға табан тіресе, Альбина Қазыбек республикалық «Дарабоз» өнер мен білім байқауында «Вокал» жанры бойынша III орынмен марапатталған. Сабина Сулеймен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «KEMEL» өнер-білім орталығының ұйым- дастыруымен өткізілген мектеп оқушылары арасындағы «Абай – дара, Абай – дана әлемінде» атты республикалық мәнерлеп оқу сайысынан I дәрежелі дипломмен құрметтелген. 2020 жылы Кәусар Маткерім республикалық «Абай әлемі» атты байқауға қатысып, жүлделі III орын жеңіп алса, Ердос Шәріпбек Дубай қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатының күміс медалімен күптелген. Алина Русланқызы облыс- тық «Улыбнись радуге» атты сурет байқауына қатысып, жүлделі II орыннан көрінсе, Жексеналы Жанболат, Адия Сабденова «Балдәурен», «Шығармашыл бала» атты республикалық байқауға қатысып, I дәрежелі дипломды иеленген. Биылғы жылы Ердос Шәріпбек Иордания мемлекетінде жастар арасында өткен бокстан күміс медальді мойнына таққан. Білім ордасы осындай өнерлі оқушыларын мақтан тұтады.
Өркениет көшінен қалмас үшін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының орны ерек. Мектеп-гимназия электронды күнделік жүйесіне толығымен қосылған. 2018-2019 оқу жылынан бастап демеушілердің көмегімен Оралбике Тастамбекова, Нұрсұлу Баялиева сынды ұлағатты ұстаздардың сіңірген еңбегі ерен. 2002-2017 жылдар аралығында Бахытбек Абдикеримов мектеп тізгінін ұстаса, бүгінде мұнда білікті ұстаз Рахия Есеева директорлық қызметте.

Өркениет көшінен қалмас үшін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының орны ерек. Мектеп-гимназия электронды күнделік жүйесіне толығымен қосылған. 2018-2019 оқу жылынан бастап демеушілердің көмегімен ІТ-кабинет ашылса, барлық ақпараттар мен хабарландырулар арнайы радиорубка арқылы беріледі. Мектеп-гимназия кітапханасы электронды оқу залымен қамтамасыз етілген. Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында кітапхана меңгерушісі А.Абласанованың жетекшілігімен «Оқуға құштар мектеп» жобасы жүргізілуде.
«Ауылдағы 6 күн» жобасы оқушыларды ауылдың тұрмыс-тіршілігімен таныстыру арқылы ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңіру мақсатында іске қосылған. «Дәстүр мен ғұрып» жобасы болса, қазіргі заманда ұмыт болып бара жатқан және өзектілігін жоймаған дәстүр мен ғұрыптарды адамгершілік, тәрбиелік құндылықтар тұрғысынан жаңғырту, күнделікті қолданысқа енгізу үшін қызмет етуде. «Сондай-ақ «Құқықтық сана – қоғамға пана», «Оқуға құштар мектеп», «Отбасы – орта мектеп», «Туған жерге тағзым», «Үнем – қоғам қуаты», «Эко-START», «Мектепке тағзым. Жомарт түлек» жобалары бүгінде жемісін беріп келеді.
№30 мектеп-гимназияны соңғы 30 жылда 1230 түлек бітірсе, олардың арасында танымал әнші Мөлдір Әуелбекова, ақын Ерлан Жүніс, спортшы Айдос Теңгебаев және «Альфа банк» Тараз қалалық филиа- лының директоры Абылай Нуралиев сынды азаматтар бар.

Міне, осындай таланттарды түлеткен білім ошағының әлі де алар асуы биік екеніне бек сенімдіміз. Шерхан Мұртазадай тұлғаның есімін иеленген білім ордасының шыңнан көрінбеуге құқығы жоқ. Сондықтан мектеп ұжымының жұмысына сәттілік тілей отырып, атына заты сай алтын ұя болсын деп тілейміз.

Құралай Сейсенбекқызы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.