Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қадыров Путиннің қандай тапсырма бергенін айтты

0 429

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Telegram-арнасында жариялаған бейнеүндеуде «Ресей қарулы күштері Украинаның барлық қаласына шабуыл жасайтынын» мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Оның сөзінше, қарулы күштер қалалар, ауылдар мен елді мекендерді ұлтшылдардан тазарту үшін шабуылды бастайды.

«Мақсатымыз айқын, біз де нақты іске кірісуді бастап жатырмыз. Шабуыл тек Мариупольге емес, барлық басқа қалаларға, ауылдар мен елді мекендерге жасалады. Бірақ бірінші кезекте Луганск пен Донецкті босатамыз, бас қолбасшы президент (Владимир Путин) осындай тапсырма берді», – деді Қадыров.

Сондай-ақ, Қадыров «Әскер Киевтен кетсе, Ресей Украинадан жеңіліп жатыр» деген түсінікке қатысты пікір білдірді.

«Біздің жоғарғы бас қолбасшымыз қойған талаптарды Киев орындамаса, соғыс аяқталмайды. Біз олардың талқанын шығардық. Тіпті тірі қалғандарының өзі моралдық тұрғыдан өлді», –  деді Қадыров.

Бұған дейін Қадыров Мариупольдегі ннгізгі міндеттердің аяқталуға жақын қалғанын хабарлады. Оның сөзінше, жойылуы тиіс жаудың аз ғана бөлігі қалған. Ал бейбіт тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшіріліп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.