Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәрім Мәсімовтың денсаулығы сыр берді

0 1  953

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов хал үстінде жатыр деп хабарлады turkystan.kz dalainside телеграм каналына сілтеме жасап.

Каналдың деректеріне сүйенсек, бұл туралы karimmassimov.com сайты хабарлаған. Сайт дерегінше, Мәсімов көп жыл бойы көптеген созылмалы кеселмен күресіп келеді. Соның ішінде жүректің ишемиялық ауруына шалдыққан.

Әлгі дерт Мәсімовтен былтырғы жылдың көктемінде анықталған екен.

Абақтыға қамалғалы бері Мәсімовтың жағдайы күрт төмендеп, ескі сырқаты қайта асқыныпты.

«Заң бойынша қоғамға зияны жоқ, ауыр дертке шалдыққан тұтқындар түрмеден босауға құқылы. Мәсімовтың жағдайын білетін дәрігерлер оны дереу босатуды талап етуде. Тиісті ем-дом жасалмаса айырылып қалуымыз мүмкін…», – дейді ҰҚК-ның экс-төрағасына тиесілі сайт.

Айта кетейік, Мәсімов мемлекетке опасыздық деп жасады айыпталып, Қаңтар дүрбелеңінен кейін көп ұзамай қамауға алынған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.