Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Дені сау ұлт» – ұрпақ келешегі

0 2  735

Облыста «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. COVID-19 пандемиясының күрделілігіне қарамастан, медициналық ұйымдар белгілі бір оң жетістіктерге қол жеткізген.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев баян етті. Өңірдің бас дәрігері жалпы медико-демографиялық көрсеткіштердің жағдайына тоқталып, табиғи өсім көрсеткіші 3 пайызға, туу көрсеткіші 7,6 пайызға өскенін мәлімдеді. Бала өлімі төмендеп, 1000 нәрестеге шаққанда 8,1 промильді құраған.
– «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын орындау мақсатында 2021 жылдың қорытындысымен бірқатар жұмыстар атқарылды. Коронавирус індеті денсаулық сақтау саласына ғана емес, барлық салаға әсерін тигізді. Десе де, әлеуметтік мәні маңызды аурулар бойынша жағдай тұрақты. Туберкулезбен болатын өлім-жітім көрсеткіші 30 пайызға төмендеп, 1,4-ті құрады. Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші 6,7 пайызға төмендеген, 66,0-ді құрады. Қан айналым жүйесінен аурушаңдық көрсеткіші 6,5 пайызға төмендеген. Халыққа сапалы, қолжетімді медициналық қызмет көрсету үшін материалдық-техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджет есебінен медициналық құрал-жабдықтар және медициналық мақсаттағы бұйымдарды алуға 2,2 миллиард теңге қаржы бөлініп, 144 дана медициналық құрал-жабдық сатып алынды (20 экстракорпоральды мембранды оксигенация аппараты, 40 көп функционалды кереует, 3 анестезияға арналған тыныс алу аппараты, 4 цифрлық рентген аппараты, 1 КТ аппараты, 1 ЛОР операцияға арналған бейнекешен, 4 ашық неонаталды реанимация жүйесі, 1 эксперттік кластағы УДЗ аппараты және т.б.). Одан басқа, республикалық бюджет қаражаты есебінен 2,0 миллиард теңгеге 1 дана «Сызықты үдеткіш» сатып алынды. Нәтижесінде облыс бойынша медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету – 88, 1 пайызды құрап, 2,7 пайызға өскен, – деді Ә.Қалиев.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты Тұңғыш Президенттің «Қамқорлық қоры» бастамасымен өңірімізде облыстық көпбейінді балалар ауруханасы жанынан 120 төсек орындық «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылып, онда 1267 бала ем алуда екен. Соның арқасында өңірімізде сал ауруымен және тірек-қимыл қозғалысы ақаулары бар балаларды сауықтыру және емдеу мүмкіндігі туған. Өткен жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында облысқа экстракорпоральды ұрықтандыру үшін 401 квота бөлініп, 100 пайыз игерілген. Жалпы 137 жүктілік тіркелсе, бүгінгі күнге 113 жүктілік қалыпты жағдайда дамуда. 135-і жұмыс барысында екен.
– Облыстың шалғайда орналасқан ауылдық елді мекендердің 314-де тұратын халықты жылжымалы медициналық кешендер тарта отырып, 237 810 (78 808) адамды медициналық қызметтермен қамтылды. Соның ішінде 70 972 бала. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шалғайда орналасқан ауылдық елді мекендерде тұратын халықты қамту 67 пайызға өскен. Медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында, 2021 жылы 8 нысанға құрылыс және 6 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 8 нысанның құрылысы, оның 3 нысаны «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде және 5 нысан жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылды. 6 нысанға күрделі жөндеу, оның 5 нысаны «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде, 1 нысан ЖБ есебінен қаржыландырылды. Аталған нысандарға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Жалпы біздің басты мақсатымыз – ауырғандарды емдеу ғана емес, аурудың алдын алуға барлық күш-жігерді жұмсауға тиіс-піз, – деді Әсет Әскербекұлы.
Брифингте маман тапшылығының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар легі де айтылып, денсаулық сақтау саласы бойынша алдағы жұмыс жоспары да ұсынылды.

Арайлым Бақытжанқызы 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.