Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы»

0 359
    Бүгінгі ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың халыққа Жолдауының мән-маңызы айрықша. Мемлекет басшысы өз сөзінде өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамайтындығын, қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кеткендігін айтты.
       Президент қоғамның қажеттілігі мен сұранысына сәйкес еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Осы орайда, еліміз үлкен реформалар мен жаңғыртудан өткелі отыр. Бұл ауқымды шарада партияға үлкен артылған жауапкершілік артылмақ.
Жолдауда елдің даму бағыты айқындалып, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты міндеттер белгіленді.
     Жолдауда бірқатар саяси шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, сайлау жүйесіне өзгерістер енгізіліп, Мәжілістегі депутаттардың 70 пайызы пропорционалды, 30 пайызы мажоритарлық негізде сайланатын болады. Төменгі палатада депутаттар саны азаймақ. Сенаттағы президенттік квота 15-тен 10 депутатқа дейін қысқарса, облыстық және республикалық маңызы бар қалалар әкімдерін жанама сайлау енгізіледі. Президент әкімдерді тағайындау барысында мәслихатқа кемінде екі кандидатты ұсынатын болды. Партиялар арасында бәсекелестікті арттыру мақсатында партияларды тіркеу шегін 4 есеге (20 мыңнан 5 мыңға дейін) азайтуды тапсырды.
Сөз басында қасіретті қаңтар оқиғасында жалған қауесетке, елді арандатуға жол бермеу, халыққа ақиқатты ғана жеткізу-өзінің ұстанымы екенін айтты. Мұңдай қайғылы жағдайлар алдағы уақытта қайталанбауы үшін қазақстандықтардың отаншылдық рухын арттыру қажеттілігіне тоқталды.
         Елді елең еткен жаңалықтардың бірі Қапшағай қаласын бірегей тұлға Дінмұхамед Қонаевтың атына ауыстыру туралы пәрмен берді. Сонымен қатар, халықтың көптен көкейінде жүрген үлкен мәселе- Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарын құруды тапсырды.
        Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы – ел дамуының негізгі бағыттарын жарқын болашаққа айқындайтыны анық. Осы ретте, Президенттің халыққа Жолдауын қолдап, жаңа Қазақстанды құруға жамбылдық партияластар бар күш-жігерімізді салатын боламыз.

Дауыл Ынтықбаев

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.