Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңа Қазақстан жаңа облыстармен толықты

0 1  978

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы – елдегі жаңа саяси жүйенің бастауы. Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынған Жолдаудың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» аталауының үлкен мәні бар.

Елде ұзақ жылдан бері қалыптасқан қағида мен ұстанымдарды түбегейлі өзгертетін шешімдерді ұсыну арқылы Мемлекет басшысы ел мүддесін бәрінен жоғары қоятынын, жұрттың көкейінде нендей мәселелер жүргенін білетінін, бәрінен хабардар екенін анық аңғартты.Халықтың әлеуметтік ахуалының жақсаруы – елдегі бірлік пен ауызбіршілікке байланысты екенін атап өтті.

Жалпы Қаңтар оқиғасы бәрімізге сабақ болды. Сын сәттерден біз тек өз күшімізбен ғана шыға алдық. Қиындықтармен бетпе-бет келгенде сырттан келіп ешкім жоғымызды түгендеп бермейтініне көз жеткіздік.

Бүгінгі Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың мемлекетті басқару ісіне белсенді қатысуына қажетті жағдай жасайтынын жеткізді. Президенттің ұсынған бастамалары орынды, бағыт-бағдары дұрыс. Ендігі кезекте соны жүзеге асыру, Жаңа Қазақстанды құру жолында әрбіріміз тамшыдай болса да өз үлесімізді қосумыз керек. Бұл біздің азаматтық парызымыз.

Жолдау жеткізген жаңалықтардың бірі елімізде бірнеше облыстың жаңадан құрылатындығы болды. Бұл өз кезегінде өңірлерді дамытуға септігін тигізетіні анық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Жаңадан құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуында ерекше мән бар. Біз ұланғайыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жаңғырта береміз», дегені тарихқа деген құрмет.

Жаңа Қазақстан  жаңа облыстармен толықты. Саяси-экономикалық жүйеде ашықтық сақталып, ел тілегі ескеріледі деген үміттемін.

 

Жазира ТЕҢІЗБАЕВА,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің,

Экономика кафедрасының аға оқытушысы.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.