Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сенбілікке салғырт қараған кімдер?

0 513

Тараз қаласында сенбілік науқаны жалғасуда. Өткен сенбіде қаланың 11 аумақтық округі бойынша 4110 адам тазалық жұмыстарына шығып, 100 тонна күл-қоқыс шығарды.

Сенбілікке бірқатар мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, өздеріне жүктелген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізгенін айта кеткен жөн. Алайда әттеген-ай дейтін тұсымыз да жоқ емес.
Атап айтсақ, «Жамбыл гипс» АҚ, «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ, қалалық ішкі істер басқармасы, «Бином» ЖШС, «ТаразТрансПасс» ЖШС, «Екі жұлдыз», «Версаль», «Сұлтан Сарайы» мейрамханалары, «Гранд» сауда орталығы, «Бек», «Арзан», «Нұралы» базарлары, облыстық қорғаныс департаменті, №1 емхана, «Мейірім» медицина орталығы, «Автобекет» ЖШС, «Арзу» ЖШС, №01731 әскери бөлімі, «Орта Азиялық қант корпорациясы» ЖШС, «АрайСтройМаркет» ЖШС, «Гелиос», «ҚазМұнайГаз» жанармай құю стансалары, «Қазақтелеком» АҚ және облыстық қазынашылық департаменті сенбілікке қатысуға ниет білдірмеген. Сондай-ақ «Kaspi bank», «Nurbank», «Halyk Bank», «Қазпошта» АҚ, жер қатынастары, қаржы басқармасы, «Сулпак», «Корзинка», «Дос-Нар» сауда үйі, «АвтоГид», «Жібек жолы» базары, «Бірлік» жиһаз дүкені, «Агроспецстрой», «АрайСтройМаркет», «Арай Агро-өнімдері» ЖШС-лары, №2035 және №63563 әскери бөлімдер, «Қамқор локомотив» депосы, «ГРЭС» шипажайы және «Әулие ата» жанармай қоймасы тазалық жұмыстарына қатысқан жоқ.
Әрине, бұл жақсылыққа апармайтыны анық. Себебі тазалық – баршаға ортақ міндет. Сондықтан жоғарыда аталған мекемелер келесі сенбілікте олқылықтың орнын толтырады деп сенеміз.

Жұматай Көксубай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.