Қалалық қоғамдық-саяси газет

“Мен – еркекпін. Сөйлесейік, неден қорқасың?”: Зеленский Путинге бейнеүндеу жолдады

0 249

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей лидері Владимир Путинді «соғысты тоқтату үшін» келіссөз үстеліне отыруға шақырды. Зеленскийдің айтуынша, ол Донбасстағы жағдайды талқылауға дайын,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Adyrna.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Саған не берейік, не керек? Жерімізден кет. Қазір кеткің келмесе, келіссөз өткізейік. Мен еркін адаммын. Келіссөз үстеліне отыр. Тек 30 метрлік үстелге емес. Мен – көршіңмін, мені 30 метр қашықтықта ұстаудың керегі жоқ. Мен – еркекпін. Сөйлесейік, неден қорқасың? Біз ешкімге қауіп төндірмейміз, террорист емеспіз. Бөтен жерді де жаулап алған жоқпыз», – деді Зеленский Батыс БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты кезінде.

Сонымен қатар, Украина президенті НАТО-ның өз елінің аумағында соғыс қимылдарын тоқтату мүмкіндігіне күмән келтірді.

Зеленский Мәскеудің Киевке қоятын талаптарын түсінбейтінін айтты.

«Біз Ресейге шабуыл жасап жатқан жоқпыз, оған шабуыл жасамаймыз да. Біз НАТО-дамыз ба? Жоқ. Бізде ядролық қару бар ма? Жоқ. Мен не айтуым керек, кімге бірдеңе беруім керек?», – деді баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін 3 наурызда Беларусь аумағында Ресей мен Украина делегациялары арасында келіссөздер өткен болатын. Бұл келіссөздердің екінші раунды. Алайда Украина қалаған нәтижеге жете алмады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.