Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда өртті сөндіру кезінде жарылыс болды (ВИДЕО)

0 356

Бостандық ауданындағы техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты. Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде жарылыс болды деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, өрт 3 наурыз күні таңертең Бостандық ауданындағы техникалық қызмет көрсету станциясында болған. Жалын 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнына 10 бірлік техника, жеке құрамнан 30-дан астам адам жұмылдырылды.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өрт оқпандары іске енгізіліп, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды. Сол арқылы судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

Жапсарлас тұрған екі қабатты үй-жайға және оның шатырына таралу қаупі туындады. Ал өртті сөндіру кезінде газ таралып, жарылыс болған. Соған қарамастан, құтқарушылар жарты сағаттың ішінде өртті өшірді.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушісі жарылыс сәтін түсірген видеосын әлеуметтік желіде жариялады.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.