Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда митинг өтіп жатыр

0 717

Алматы тұрғындары санкцияланған митингке шығып, ЖЭО-ны газдандыру ісін жеделдетуді, демалыс күндері көліктер үшін кейбір жол учаскелерін жабуды, қаланың кейбір нүктелеріндегі құрылысты тоқтатуды талап етті деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматылықтар Шевченко мен Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы Ғылым Академиясы ғимаратының алдына жиналды. Ұйымдастырушылар бұған дейін митингтің мақсаты – сарапшыларға, белсенділерге және жанашыр азаматтарға мәселені талқылау үшін алаң ұсыну керек екенін хабарлаған болатын.

Сөз алушылар ЖЭО-ны газдандыру ісін жеделдетуді, демалыс күндері қаланың кейбір жол учаскелерін жабуды талап етті. Сонымен қатар олар экологияны жақсартуға бөлінетін қаражатты тиімді пайдалануды сұрады. Сондай-ақ талаптар қатарында қаланың кейбір нүктелеріндегі құрылысты доғару да бар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.