Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тоқаев пен Ресей премьер-министрі Украинадағы ахуал, халықаралық санкциялардың енгізілуі туралы талқылады

0 225

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңеске қатысу үшін Қазақстанға келген Ресей Федерациясының премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады.

Кездесу барысында олар сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықты нығайтуға баса мән бере отырып, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті мен Ресей премьер-министрі Украинадағы жағдайдың ушығуына және Ресейге халықаралық санкциялардың енгізілуіне байланысты екі мемлекет арасындағы тауар айналымының төмендеуіне жол бермеу жөніндегі бірлескен шараларды қарастырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.