Қалалық қоғамдық-саяси газет

Депутат мектеп директорларымен білім саласындағы өзекті мәселені талқылады

0 206

Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова, Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов және Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері қала мектептерінің директорларымен кездесті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Ж.Сүлейменова мен А.Масабаев Қазақстан Республикасы Президентінің еліміздің қалыптасуына қатысты депутаттарға берген тапсырмалары туралы қысқаша айтып өтті. Педагог кадрлардың тапшылығы, инклюзивті білім беру мәселелері, мұғалімдердің деңгейін көтеру, оқулықтардың сапасын арттыру, қала мен ауыл арасындағы білім саласындағы алшақтықты жою туралы өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар мектептер мен балабақшаларға, олардың басшылары мен қызметкерлеріне қатысты өткір мәселелерді көтерді.

Дархан Біләлов мектеп директорларына білім саласын дамытуға қосқан үлестері, Абай университетінің студенттері мен түлектерінің біліктілігін арттыруға, оларды жұмысқа орналастыруға ықпал еткендері үшін алғысын білдірді.

Ректор ҚР Білім және ғылым министрлігі педагогикалық білім беру саласындағы өзекті мәселелерге: кадр тапшылығы, қалалық және ауылдық мектептердегі білім берудегі алшақтықты жою, педагогтардың мәртебесі мен олардың біліктілігін арттыруға көп көңіл бөліп жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар Абай университетіне жүктелген міндеттерді атап, нақты білім беру бағдарламаларын әзірлеудің маңыздылығына тоқталды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.