Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Мәңгілік ештеңе жоқ»: Қарақат Әбілдина сырт келбетін сынағандарға жауап берді

0 489

Қарақат Әбілдина адам бойындағы өзгеріс туралы ой қозғады. Әнші бұл өмірде ештеңе мәңгілік емес екенін еске салып, өзінің сырт келбетін сынағандарға жауап берді. Айтуынша, соңғы уақытта оқырмандары оның дене бітімін сөз етіп, ал жары Қыдырәлі Болмановтың қартайып баратынын жиі жазуда, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Адамзат өзгеріске бейім болып келеміз. Күнде өзгереміз. Бір жыл бұрынғы, тіпті бір ай бұрынғы өзіңді бүгініңмен салыстырсаң өзгерген біраз дүниені байқайсың.

Себебі біз – күнде өсеміз. Ойланамыз. Таразыға саламыз, талқылаймыз. Ақ қарасын ажыратамыз. Шешімдер қабылдаймыз. Есейеміз. Өсеміз.
Өзгермейтін бір Алла!

Адам түгіл, табиғат та күн сайын түрленбей ме ?! Тіпті алып таулар да орнынан жылжып тұрады екен де, оны біз білмейміз. Шексіз теңіз, мұхиттардың суы да бір тартылып, бір толып, күнде өзгереді. “ Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес “ – дейді мұны Абай. Мәңгілік ештеңе жоқ ұғар болсақ.

Уақыт зымырап өтіп жатыр. Мысалы, мынау суретке 2-ақ жыл болыпты. Бірақ одан бері біз көп өзгердік. Әсіресе мен.

“Қарақат толысыпты, Қыдекең қартайыпты” – деп жазатын жұртым бар. Оу жандарым-ай.

Толдым, толыстым рас. Болсын! Есесіне Аяламның ізінен тәп-тәтті қоңыр қозым еріп жүр. Ендігі тілі шүлдірлеп, әр сөзі, әр қылығы үй ішіне мереке. Шүкір бергеніне Жаратқанның.

Ал Қыдекең 50-ді еңсерді, 6 баланың әкесі. Қызметін жасады, жасап та жүр. Енді әне-міне дегенше “ қайыната” атанып, оның ар жағында немере сүйіп, “Ата” болудың ауылы да алыс емес. Қартайса несі бар?! Әдемі.

Ой білдіріп, жазбас бұрын ойлану керек адам. Бұл ойым тек бізге қатысты ғана емес жалпы айтамын. Мәселе керілікте емес, мәселе осы жасыңа дейін қандай жұмыс атқардың? Ұлтыңа,ұрпағыңа адал қызмет етіп,пайдалы бола алдың ба ? Істеген қимылың мен жасап жүрген тірлігің жасыңа сай ма, жоқ па – мәселе осында», – деп жазба қалдырды әнші желідегі парақшасында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.