Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда терроризммен күреске 5 жылда 270 млрд теңге бөлінген

0 265

Елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін бюджеттен бес жылға 270 млрд теңге бөлінген деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Сенат депутаты Сұлтан Дүйсембинов мәлімдеді.

Депутаттың дерегінше, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін бюджеттен бес жылға 270 млрд теңге бөлінген. Бірақ бұл бағдарлама өз нәтижесін бермегенін кешегі қаңтар оқиғасы көрсетіп отыр дейді.

«Деструктивті діни ағымдардың мақсаты бір. Халифатта өмір сүру. Мемлекеттің заңын, құрылымын, мәдениет, салт-дәстүрін мойындамау. ҰҚК антитеррористік орталық штабы бастығының бірінші орынбасары Сергей Швейкин елімізде деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардың саны 20 мыңнан асатынын мәлімдеген болатын. Осы тұста бұлардың саны неге көбейіп жатыр деген сұрақ туындайды», – дейді депутат.

Оған қоса халықтың 70 пайыздан астамы діни сауаттылығын арттыру үшін әлеуметтік желілерді қолданатынын қосты. Депутаттық сауалын Үкіметке жолдаған сенатор, діни ахуалды зерделеп, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жаңа мемлекеттік бағдарлама әзірлеу қажет екенін  айтты. Сондай-ақ, республикалық зерттеу орталығын құруды ұсынды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.