Қалалық қоғамдық-саяси газет

Президент шетелге шығарылған ақшаны елге қайтару жөнінде: Бұл күрделі әлі ұзақ уақытты қажет ететін процесс

0 198

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелге заңсыз шығарылған ақша жөнінде пікір білдіріп, мұның ұзақ уақытты қажет ететін күрделі процесс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол үкіметке сәйкес тапсырманың берілгенін еске салып өтті. Екі айдан кейін билік өкілдері нақты ұсыныстарды мәлімдейді.

«Бұдан кейін жұмыстар басталады. Кең көлемді сараптама жүргізіліп, шетелдік мекемелермен келіссөздер жүргізіледі», – деді ол сұхбат барысында.

Тоқаевтың сөзінше, бұл ұзақ уақытқа созылады және күрделі процеске айналуы мүмкін. Сонымен қатар әділдікке қол жеткізу үшін жұмыстарды бастау керегін де жасырмады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.