Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қайнар ауылында 3 әлеуметтік нысан мен 62 үй қалпына келтірілді

0 314

Өткен жылы Байзақ ауданындағы Жаңатұрмыс ауылдық округіне қарасты Қайнар ауылында орын тепкен әскери бөлімде жарылыс болғаны белгілі. Ауылдың инфрақұрылымын дамыту шаралары жүйелі жүргізіліп жатыр. Елдімекеннің Бірлік көшесі орташа жөндеуден өтіп, көше жарығын орнату жұмыстары аяқталған.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде аудан әкімі Бақыт Қазанбасов жоспарға сәйкес, 4 көшеге асфальт жамылғысы төселіп, көше жарықтандырылып, тұрғын үйлер еврозабормен қоршалғанын айтты.
«6 отбасының шаңырағына орта қысымды газ жүйесі кіргізілді. Сонымен қатар, азын-аулақ зардап шеккен (терезелері сынған) 3 әлеуметтік нысан мен 71 жеке тұрғын үй демеушілер есебінен жөнделді. Бүгінге 3 әлеуметтік нысан және 62 тұрғын үй қалпына келтірілді. Елеулі дәрежеде зардап шеккен тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жасалды», – деді спикер.
Бақыт Алпысбайұлы ауданда 10 спорт нысандары мен алаңшалары пайдалануға берілгенін де атап өтті. Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы ашылып, барлық ауылдық округке арнайы спорт нұсқаушылары қызмет атқаруда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.