Қалалық қоғамдық-саяси газет

Байзақта 2359 шаруашылық 3,5 млрд. теңге несие алды

0 371

   Байзақ ауданының шаруа иелері былтыр суды аз талап ететін дақылдар егіп, су үнемдеу технологияларын кеңінен қолданды. Осындай бағыттағы егістік көлемі 1 478 гектарға артты. «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы 27 шаруашылық 188,1 млн теңгеге 40 жаңбырлатып суару технологияларын лизингке алды.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов айтып берді. Оның мәліметінше, агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында суармалы жерлерді пайдалану көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 мың гектарға көбейген екен. Осы жылы бұл көрсеткішті 32 553 гектарға, яғни, 115,7 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр.

«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері 163 663 гектар, оның ішінде 59 551 гектары егістік, 99 057 гектары жайылым, 5 055 гектары шабындық және көп жылдық екпелер. 2 920 жер пайдаланушылар бар. Ал аудандағы жалпы мал саны 400 мыңнан асады. Былтыр 19,6 мың тонна ет, 48,6 мың тонна сүт және 13,7 млн дана жұмыртқа өндірдік. Жалпы ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау және несиелендіру бағдарламалары аясында 2021 жылы 2 359 шаруашылық 3,5 млрд теңге мемлекеттік қолдауға ие болды», – деді спикер.

Бақыт Алпысбайұлы 2020 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан 3 630 гектар жер мемлекеттік меншігіне қайтарылғанын еске салды. Өткен жылы 570,17 гектар жер қайтарылған екен. Байзақта 2025 жылға дейін 58 млрд 985 млн теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған. Сол кезде 1408 адам жұмыспен қамтылады.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.