Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу – өз қолымызда

0 659

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі таралмауы үшін оған бөгет болудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде түбегейлі қарсы тұруға болады.

Ел Президенті Қ.Тоқаев ал­қалы жиында бірінші кезекте сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес–еліміздің страте­гия­лық дамуындағы негізгі басым­дықтардың бірі екенін айта келіп, аталған бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Президент сыбайлас жем­қор­лықпен күрес қызметінің барлық бағыттағы жұмыстарына жаңа серпін беру керек деп санайды. Сыбайлас жемқорлықпен кү­рестегі әрекетсіздік халықтың наразылығын тудырып, құқық­тық нигилизмге әкеп соғады. Де­генмен, жемқорлыққа қарсы белсенді күрестің соңы науқан­шы­лдыққа ұласып кетпеуі керек. Сонымен қатар, бұл жауапты және заң­ға бағынатын мемлекеттік қызмет­кер­лердің жұмысына кері әсер етпеуі тиіс.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне абыройсыздық ұялатады, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазіргі таңда, қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр.

Ж. Досмырзаева, 

Жамбыл облысы Әділет департаменті тіркеу қызметі саласындағы

әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.